“Миы шайқалған”. Алматыда медресе қызметкері 15 жастағы баланы ұрып жіберген

1143
Adyrna.kz Telegram
Almaty.tv
Almaty.tv

Алматыдағы қайырымдылық мекемесінде мекеме қызметкері 15 жастағы жасөспірімге қол көтеріп, соққыға жыққан. Соққының салдарынан баланың миына зақым келген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше, бала ғимараттан қашып шығып, қар үстінде жалаң аяқ қаша жөнелген.

Алдымнан бір жасөспірім шыға келді. Жалаң аяқ жылап тұр. Қорыққаннан көліктің артына тығылып қалды. Не болғанын сұрадым. Ол маған соққыға жығылғанын айтты, – дейді оқиға куәгері Абзал Шәкенов.

Куәгерлер балаға жедел көмек беріп, мән-жайды полицейге хабарлаған. Қазір жасөспірім ауруханада.

Балалар шұғыл жәрдем орталығы науқастарды қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы Кұрметбек Тоқтар баланың медреседе ұстаз ұрғанын, салдарынан бас миының шайқалуы,  көз айналасының гематомасы диагнозы қойылғанын айтады.

Жеткеншектің өз сөзінше, оқиға алдында ол өзін жайсыз сезіне бастағанын жеткізген. Алайда мекеме қызметкері баланың сөзін “дұға” оқымау үшін айтып тұрған “сылтауы” деп қабылдап, сенбеген.

“Мен оқымаймын, кетемін” десе, ұстазы “бар кете бер. Қайда кетесің?” деген. Ол жүгіріп бара жатқан кезде, ұстап қалып, бетінен ұрған. Баланың психикасына да әсер етіп тұр. Бала шаршады. Шынын айтқанда, беті-аузының бәрі ісіп тұр, – деп баланығ анасы шағымын білдірді.

Қазірде полицейлер мән-жайды анықтауға кірісті.

Айта кеткен жөн, аталмыш қайырымдылық мекемесінен бұған дейін тыйым салынған діни әдебиеттер табылған болатын. Өзге өңірлерде де бар бұл пансионаттардың жалпы саны 90-нан асады. Құзырлы органдардың мәліметінше, бұл мекемелердің барлығы бір қайырымдылық қорына қарайды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер