Алматыдағы лай көшкіні. Полиция қылмыстық іс қозғады

2006
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/ae4712f0-7da4-4164-a6bc-7b1106773ee4-960x500.jpeg?token=2455fcc59c5d77d03287ae9274e2b0c6
Алматыда лай көшкінінің үйлерді зақымдауына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оны құзырлы органдар тергейді»,— делінген хабарламада. Еске салайық, 8 ақпанда таулы жерде орналасқан Таусамал ықшамауданында көшкін жүріп, лай топырақ жеке меншік үйді жермен-жексен қылған еді. Салдарынан онда тұрып жатқан төрт адам мерт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жер үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Комментарии