Жүргізушілер балаларды автобустан шығарып жібергені үшін жазаланатын болады

1705
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық жүргізушілер 16 жасқа толмаған балаларды автобустан шығарып жібергені үшін айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова хабарлағандай, заң жобалары балаларға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатады. Мысалы:

  • кәмелетке толмаған баланы жәбірлегені (буллинг) үшін (ескерту не 10 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін айыппұл);
  • ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін (10 АЕК айыппұл);
  • ересектер еріп жүрмеген 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланы автобустан және өзге де қоғамдық жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіргені үшін (5 АЕК айыппұл).

Қылмыстық жауапкершілік бойынша 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипатта тиіскені үшін (200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, 40 күнге дейін қамаққа алу), кәмелетке толмаған баланы заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін (5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру), кәмелетке толмаған баланы ұрлағаны үшін (10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру) жазасы тағайындалады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер