Талаптарды әдейі елемеген. Шығыс Қазақстанда 3 әкім жауапқа тартылды

1515
Adyrna.kz Telegram
Шығыс Қазақстанда 3 әкім жауапқа тартылды. Себебі Шемонаиха ауданында мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарттар заңсыз жасалғаны анықталған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
ШҚО Бас прокуратурасының мәліметінше, әкімдер өз жұмысына салғырт қараған.
"Жекелеген әкімдер "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның 39-бабы 3-тармағы 42-тармақшасында көрсетілген ережені бұзған. Олар сатып алу кезінде бір ғана жұмыстың құнына тоқталып (3000 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың біртектілік жайлы қойылатын талаптарын әдейі елемеген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Яғни, Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты қысқы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 27,2 млн теңгеге 3 шарт жасасыпты. Жұмыстың сипаты біртекті, бірақ бұл ретте жалпы құны 3000 АЕК-тен асқанын ескере отырып, бұл сатып алулар бәсекелестік ортада жүзеге асырылуы керек болған.
"Осындай заң бұзушылықтарға Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері де жол берген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Шемонаиха қаласы, Зевакин және Вавилон ауылдық округтерінің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген Бас прокуратура жолдаған хабарламада.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер