"Жан-жағына алаңдап отыр". Балабақшада тәрбиеші балаға қол көтерген (ВИДЕО)

2716
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/whatsapp-image-2024-02-04-at-10.15.45.jpeg
Атыраудағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы ұрып жіберді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін орталықта тәрбиеші балаға қол көтерген видеосы желіде тарап кетті. Бейнежазбада тапсырма орындап отырған балақай жан-жағына алаңдаған. Сол әрекеті үшін оқытушыдан шапалақ алған. Бұл оқиға Атыраудағы "Дара-Инклу" жекеменшік балабақшасында болғаны анықталып отыр. Бейнежазбаны балабақша қызметкерлерінің өздері сабақ өту кезін көрсету ретінде түсіріп, ата-аналар тобына жолдап жіберген. Баланың ата-анасы қызметкердің үстінен арызданған. “Атырау қалалық полиция департамент аталған факті бойынша тергеу басталғанын, басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейтіні хабарлайды”, – деді қалалық полиция департаменті. Қалалық білім бөлімі де оқиғаның қатаң бақылауда екенін хабарлады. “Тексеру қорытындысы бойынша заңға сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады”, – делінген хабарламада.
Комментарии