«Аллаһу акбар, аударылып қал». Мүфтият «имам» жолаушы мен таксиші арасында болған жанжал туралы айтты

1151
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «имам» жолаушы мен таксиші арасында болған жанжалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде такси жүргізушісі мен ер адамның жанжалдасып жатқан видеосы тараған еді.  Желі қолданушылары «Аллаһу акбар, аударылып қал!» деген ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін жазған болатын.

Алайда мүфтият бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Бахтияр Жақсылықов есімді азаматтың такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, дөрекі әрекет көрсеткені және оның «имам» екені талқылануда.

Осы орайда Бахтияр Жақсылықовтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан анықталмаған хабарды таратпауын сұраймыз»,—делінген хабарламада.

Пікірлер