Home » Спорт » Ұстазды ұлықтаған турнир

Ұстазды ұлықтаған турнир

Алматыда “Спартак” стадионында” дүбірлі турнир өтті. Бұл жолы жасыл алаңда футболшылар емес, журналистер доп тепті.  45 жыл бойы ауыл мектебінде бала оқытып, ұрпақ тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосқан аяулы ұстаз, Казақ КСР Оқу-ағарту ісінің үздік қайраткері,Ұлы Отан соғысының ардагері, Қордай ауданының құрметті азаматы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  1948-1951 жылдардағы түлегі  Ордабай Сәдібековтің құрметіне ұрпақтары керемет турнир өткізді.
Ұлағатты ұстаздың  100 жылдық тойы өтетінін қалам ұстаған ағайын көктемде естіген. Хабарлаған Ордабай ақсақалдың ұлы, белгілі спорт журналисі,  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, С.Бердіқұлов сыйлығының лауреаты, Ақын Ордабайұлы. Турнир республикалық деңгейде өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тахир Оспанұлы Балықбаев, Қазақ спорт журналистикасының ардагер майталмандары, белгілі комментаторлар Рабат Жәнібек, Диас Омаров, кикбоксингтен Еуропа чемпионы Елмұрат Қайыпжанов, Алматы облысы Талғар ауданы спорт мектебінің директоры Дәурен Үшкемпіров сынды қадірлі қонақтар келіп қатысты.

Таң атқаннан басталған турнир кеш бата тоқтады. Екі топқа бөлінген 10 команда жан алып, жан берісті.  Финалда Ордабай ақсақалдың ауылы Қордай ауданы Кененнен келген «Кенен-1» командасының  аяқдопшылары  мен алматылық «Қаламгер» журналистер құрамасы кездесті. Талай республикалық БАҚ өкілдері арасындағы турнирлердің жеңімпаздарына қарсы ауданаралық сайыстардың шаңын шығарып жүрген Кенен ата атындағы ауылдың аяқдопшылары қарсы кездесті. Ойын өте ширыққан жағдайда өтті. Республикаға есім-сойы белгілі Жанарбек Әшімжан, Жандос Айтбайұлы бастаған журналистер өте қарқынды бастады матчты. Бірақ,  Айдар Әуезтайұлының тәлімін алған Кенен ата ауылы оңайлықпен алдырмады. Алдырғаныңыз не 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал қола жүлде алаң иелері  «Абай атындағы «Қаз ҰПУ» командасына бұйырды. Олар 3-ші орын жарыста Қарғалы ауылының командасын қапы қалдырды.

Турнирің «Ең үздік ойыншы» атағына «Қаламгер» командасының ойыншысы Диас Қапжаппаров ие болды. «Ең үздік шабуылшы» болып Нұрлан Ақынбеков танылды.  Ал «Ең үздік қақпашы» номинациясы бойынша «Кенен-1» командасының ардагер қақпашысы Мұрат Кененов ие болды.

Жиналған жұрт осы турнир дәстүрге айналса Алматыдағы керемет жарыстың бірі болатынын айтып тарасты.
“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

«Қазақ футболы цирк, біздің оған қатысқымыз келмейді»

«Тараз» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов қазақ футболы спорт емес циркке ұқсайды деп мәлімдеді. ...