«Тіркеп қойдық». Министр тіл жанашырын есепке алу себебін түсіндіре алмады

1184
Adyrna.kz Telegram
коллаж: adyrna.kz
коллаж: adyrna.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов керекулік тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Павлодарда тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі өзіне қатысты арандату болғанын айтады. Ол кісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды ма?» деген журналистің сұрағына министр «Павлодар бойынша Қазақстан азаматының атынан арыз түскен. Сіз айтқан кісі бойынша медиктерді шақырып, сараптамадан өткіздік. Бүгінгі күні ол кісіні учетқа тіркеп қойдық», - деп жауап берді.

Шешімнің негізі неде? Диагнозы қандай?

– Енді оны Денсаулық сақтау министрлігі білетін шығар.

 – Қазақ тілін талап еткен адам қылмыскер ме?

– Жоқ, неге олай дейсіз? Мәселе олай болған жоқ. Арыз жазған адам оған шағымданып, "мені зәбірлеп, басқа сөздер айтты" деді. Содан кейін біз оны тексеруіміз керек қой.

Еске сала кетейік, қаңтардың 25 күні тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегін полиция мен жедел жәрдем алып кетіп, жындыханаға жапқан болатын. Әлеуметтік желідегі шудан кейін қоғам белсендісі жындыханада бір күн жатып, босатылды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер