Жыл сайын елімізде мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінетін миллиардтаған қаржының қайда кететіні белгісіз, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Orda.kz - ке сілтеп.
Orda.kz мәліметінше, «Хабар» холдингінің өкілдері туған аға-інілерінің фирмаларымен миллиондаған қаржыға келісімшарт жасағаны анықталып, тіпті синопсиске сай келмейтін фильмдер түсіргені айтылуда.
2019 жыл мен 2021 жылдары мемлекеттік ақпараттық саясатты орындауға мемлекет қаржысынан 153 млрд теңге бөлінген. Ал оның 12 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалған болып шықты. Ал Қазақстанда 3600-ден астам БАҚ тіркелсе, бөлінген қаражаттың 80%-ы Ақпарат министрлігіне бағынысты үш ұйымның қалтасына түскен. Олар:
- «Қазақстан» АҚ — 69 млрд теңге (42,4 %),
- «Хабар» АҚ — 51 млрд теңге (31,4 %),
- «Қазтелерадио» — 9 млрд теңге (5,6 %).
- 17,4 млн теңге — қаламақыға;
- 3,2 млн теңге — жабдықты жалға алуға;
- 11 млн тенге — өндірістік шығындарға;
- 8,4 млн тенге — түсірілім тобының шет мемлекеттерге іссапар шығындарына (тоғыз адам)
«Жауап беруші сотқа көрсетілген қаражаттың мақсатты жұмсалғаны туралы растайтын құжаттарды ұсынбаған. Жауап берушінің пандемияға байланысты шектеулер енгізілгені туралы дәлелдерін сот керісінше дәлел ретінде қабылдай алмайды», – делінген Астана сотының шешімінде.