Семейде көлік колледжі 90 жылдық мерейтойын атап өтті

2007
Adyrna.kz Telegram

Семейде көлік колледжі 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Оқу орнын туған күнімен құттықтауға еліміздің түкпір түкпірінен түлектер мен қонақтар келді.
Оқу орнының директоры Айбек Нұғымаров барлық қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.
- Колледж 1929 жылы ашылды, - деді А. Нұғымаров. - 90 жылдық тарихында оқу орны көп нәрсені бастан кешірді. Ең бастысы, осы жылдар ішінде колледж өзінің оқу базасы мен қалыптасқан дәстүрлерін сақтап қалды. Бүгін мерейтойға студенттер, оқытушылар және әр жылдардағы түлектер жиналды. Барлықтарыңызды осы маңызды күнмен құттықтағым келеді, туған колледжіміздің одан әрі өркендеуіне тілектеспін.
Мереке драма театрда жалғасып, Семей қаласының әкімі коледжді 90 жылдығымен құттықтады. Ермак Сәлімов өз сөзінде оқу орнының болашағы зор екенін атап өтті.
- Колледж базасында жеңіл және жүк көліктерін, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша орталық ашылады-деді Ермак Бидахметұлы. – Бұл орталық "World Skills"чемпионатына дайындық базасы болмақ. Семейде осындай 4 орталық ашу жоспарда бар.
Өз сөзінде Е. Салимов биылғы жылы оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңартуға және колледждің жатақханасын күрделі жөндеуге 103 млн.теңге бөлінетінін атап өтті.
Мерейтой үлкен мерекелік концертпен аяқталды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер