Ермак Сәлімов Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасын таныстырды

101

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Ермак Сәлімов қаланың 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Ермак Бидахметұлы кешенді жоспар жобасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленгенін атап өтті.
-Халықты сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Новобаженово ауылдық округінде 1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын қарастырып отырмыз, - деді қала әкімі. - Біз шілде айының басында аталған жобаны іске асыратын компанияға жер учаскесін бекіту бойынша конкурс жариялаймыз. 2025 жылға қарай жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 19 пайызға артады.
Е. Сәлімов алдағы жылдарда Семейде 4 жаңа мектеп пен 4 балабақша салу жоспарланып отырғанын айтты. Оқу және мектепке дейінгі мекемелер Степной, Восточный, Бобровка, Восход кенттерінде және Қарағайлы жаңа шағын ауданында салынады.
- Қарағайлы жаңа шағын ауданында білім мен технология трансферті орталығының құрылысы жоспарланған, - деді Ермак Бидахметұлы. – Бұл мәдениетті дамытуға арналған оқушылар мен Жастар сарайы болады. Оның құрылысы облыс басшылығы деңгейінде талқыланды. Сондай-ақ осы шағын ауданда өрт сөндіру депосын салу жоспарда бар.
Кешенді жоспар шеңберінде жалпы сомасы 3 млрд.теңгеге 20-дан астап жалпы білім беретін мектепте күрделі жөндеу жоспарланған. Мәдениет нысандары да күрделі жөндеуден  шет қалмайды. Достық үйінде, драма театрда, Ф. Достоевский атындағы мұражайда, өлкетану мұражайында, Абай атындағы әмбебап кітапханада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы ғимаратында қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған.
-Жол инфрақұрылымын жақсарту және көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авто көпірді қайта жаңарту, сондай-ақ қала жолдарын жөндеу бойынша жобалар жоспарға енгізілді. Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру 2025 жылға қарай жақсы жолдардың үлесін 90 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, - деді әкім.
Қаланы айналып өтетін жолдар салынуы, ауыр салмақты автокөлік қозғалысын азайтуға септігін тигізеді.
Қала көшелерінде 600-ден астам "Сергек"бейнекамерасы пайда болады.
- 2025 жылға дейін орталық сумен жабдықтауға Комсомол, Степной, Үшақтар, Восход және қайық кенттері қосылады , - деді Ермак Бидахметұлы.
Сонымен қатар, Е. Сәлімов Семей ядролық полигонынан зардап шеккен мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы Алтай қаласының курорттық аймағында салынатынын айтты.
Кешенді жоспар аясында Семейде 2020 жылдан 2025 жылға дейін 133 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер