Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса, неге қалған?
(Қазақтың қара өлеңінен).
Автордан бір ауыз сөз
Қара жерден бауырын көтеріп, саналы адамға (лат. Homo sapiens*) айналған адам баласының дүниеге келгеніне 300 000 жылдай уақыт болып қалған екен.
Сол Homo sapiens-тің қалың бір тобы ХХ ғасырда қаны бұзылып, Homo Soveticusке** (лат) айналды! 1917-ші жылы адамзаттың артта қалған бір бөлігі Ресейде Қазан төңкерісін жасап, Homо sapiens-тен бөлініп шығып, Homo Soveticus (лат) дейтін ұлыс құрды, ол ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін жаналғыш ірі державаға (СССР) атанып, өркениетті дүниенің зәре-құтын алып еді! Біз соның тірі қалған соңғы тұяқтары боламыз!
Бұл екі адамзат өкілінің ( Homo sapien- Homo Soveticus) арасы—жер мен көктей! Болмыс-бітімі, тіршілік-қаракеті мен дүниге деген көзқарастары да бір бірінен, мүлде, керағар, алшақ! Әлихан Бөкейханов пен Мұхтар Әуезев, Мұхтар Мағауиндер Homo sapiens болса, Бейімбеттің Мырқымбайымен бірге ғұмыр кешкен біздің бәріміз де Homo Soveticus ұлысынан боламыз!!
Мына алдарыңызғы «Күнәдан арылу жыры» соның бір зары...
Пролог. Қазақстан– Қазығұрттың кемесі
Дүние—мұхит, тыншымайды неге осы,
Су патшасы Сүлеймен бе егесі?
Кетіп барам Күн түбіне жортам деп,
Қазақстан—
Қазығұрттың кемесі!
Уахап шығып оңынан,
Сайтан шығып солынан;
Түсіп кетті Қорқытымның қобызы,
Бекболаттың қолынан!
Тиегіне жел тисе де боздайды ол,
Қай-қайдағы қайғымды да қозғайды ол.
Сайтан көрсе, уахап көрсе, неге осы,
Одан сайын боздайды ол?!
Бұ дүние бізден-дағы озбақ бір,
Соңымызда сумаң-сумаң сөз қап тұр.
Қазығұрттың кемесінің үстінде,
Қазақстан Қобыз болып боздап тұр!
Жүзіп шықты Қазығұрттың кемесі!
Есін алып ессіз заман елесі,
... нығматуллин-мәсімовтер ойбай сап,
Жақтауына жармасып тұр неге осы?!
Жүрегі — тас, шерлі үні:
«Кет! - деп, - Түс!» -деп кіргізбей тұр ел мұны.
... Біреуі оның кіріп кетсе бұ жерге,
Тағы да ылаң болатыны белгілі...
- Homo Soveticus
- Сайтанның сайран салуы
- Ұлттық қор
- Ордалы жыланның ордасы
- Мынау біздің мырзамыз
- Анкетадағы сотталдың ба деген сауалға жауап
- Екі боздақ
- Уа, аруақ!
- Алтынмен апталған сарайлар
- Мағжандардан кейін...
- Мына бір шәйір...
- Алматы мен Анкараның арасы
- Қара тізім
- Қазақ
- Әр ақынның заманында бір сұлтан
- Кері айналу процесі
- Жаһандану заманы
- Капитализм
- Руһ
- Жалғыздың жыры
- Бір әулет пен бір ұлт
- Қазақ әдебиеті
- Болды ел ырғап, жырғап та...
- Екі құрдас,–екі дүние
- Бүгінгі күннің сауалы
- КГБ-ның сейфтерінде
- Ұлт
- Коммунизм елесі
- Біреуді күту
18.04. 2022. ж-16.08. 2023 ж.
Қарағанды. Көгілдір тоғандар. Астана. Алматы. Кереку. Қарағанды. Күнгей.