АМАНДАСУ
Қазақ салттарының ішіндегі ең бастысы – амандасу. «Амандасу» деген сөздің өзі айтып тұрғандай, адамның аман-есендігін, денінің саулығын білу әрі тілеу. Қазақтың ғасырлар бойы сайын далада еркін өмір сүруі амандасуға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Байырғы заманнан келе жатқан амандасу көбінесе
сұрақ-жауап және тілек түрінде көрініс табады.
БАТА БЕРУ
Қазақ – салтқа бай халық. Соның бірі «Бата беру». Қазақтар батадан тек жақсылық күтеді. Жалпы қазақтұрмысының қай жағын алсақ та, батасыз болмайды.
СӘЛЕМ САЛУ
Қазақ халқының бірегей ұлт екенін танытатын ежелден келе жатқан тәрбиелік мәні зор салттарының бірі – «Сәлем салу». Келіндер үлкендермен сәлем салу арқылы амандасады. Екі қолын төмен салып қиыстырып, тізесін сәл бүге иіліп сәлем жасайды. Келіндерге сәлем салдыру қоғам мүшелеріне өздерінің қоғамдағы алатын орнын есінен шығармасын деген есеппен жасалынған.
БЕТАШАР
Жаңа түскен келіннің жүзін беташарға дейін ешкімнің көруге қақысы болмаған. Себебі қазақтар келіннің беті көпшіліктің алдында ғана ашылған күнде болашағы бақытты болады деп сенген. Ақындар келіннің бетін ашу барысында сол ауылдың, әулеттің жақсылығын айтып, кемшілігі болса өлеңмен әзіл-шынын араластырып меңзеп, сол міндердің түзелуіне әсер етіп отырған.
ПІРЛЕРГЕ СЫЙЫНУ
Ғалым Рабиға Сыздық «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты кітабында «пір» сөзі қазақ тіліне Қожа Ахмет Ясауи мен Бақырғанидің хикметтерінің таралуымен енген деп жазады. Қазақтар ежелден әр нәрсенің өз пірі болады деп білген. Оларды кейде «ата», «әмірші», «дос», «жаратушы», «ие», «патша», «сәуегей ата» деп атаған. Бұл сөздердің бәрі пір – желеп-жебеуші тылсым күш иелері дегенді білдірген.
ТЕРІС БАТА
Қазақ халқының салттарының сирек түрлері бар. Солардың бірі «Теріс бата беру», кейде «Қарғыс бата» деп те аталады. Теріс батаны адам қатты назаланғанда, көңілі қалғанда немесе біреуден зәбір көргенде екі қолының алақанын сыртқа жайып беретін болған.
БЕСІК ҚҰДАЛАР
Ержеткен ұлды үйлендіру мен бойжеткен қызды тұрмысқа беру мақсатында «Бесік құда» болу дәстүрі қалыптасқан. Мәдениетші Жәрдем Кейкіннің айтуынша, бесік – сәбиді желдің өтінен, жердің сызынан, салқынның қаһарынан, аптап ыстықтың жалынынан қорғайтын киелі ұя. Сондықтан балаларын тезірек «аяқтандырып», «құтты орнына» қондыру ата-ананың ең бірінші парызы саналады.
ТОЙҒА ШАҚЫРМАУ
Байырғы кезде кез-келген қазақ алыс жолға шыққанда өзімен бірге азық алып жүрмейтін болған. Себебі, жолай кездескен ауылдарда жолаушыны құдайы қонақ деп қарсы алып күту Ұлы дала иелерінің бұлжымас заңы.
ҰРЫ ЖАЗАЛАУ
Қазақ халқы ұрлықты ең үлкен күнә деп біледі. Осыдан барып алаяқ сөзіне де басқаша көзқарас пайда болған. Бұндай жағдайларға байланысты көптеген ырымдар болған. Арқандаулы аттың арқанын ұрлағандарға «Арқан ұрласаң, арқандалып қаласың», жүген ұрлағандарға «Жүген ұрласаң, жүгенделіп қаласың», тұсау ұрлағандарға «Тұсау ұрласаң, тұсауланып қаласың» деп арналып шығарылған сөздер басқаларға алдын-ала ескерту ретінде айтылған.
ЕСТІРТУ
«Өмір бар жерде өлім бар», «Тумақ болған соң өлмек парыз» дейтін қазақ халқы мұндай ауыр хабарды марқұмның жақындарына турасынан айтпай, өзгеше түрде естіртетін болған. Естіртуге әдетте дуалы ауызды, елге сыйлы, жасы үлкен бірнеше адам баратын.
ҚАЛЫҢМАЛСЫЗ ҚЫЗ БЕРУ
Қазақтар қыздарын қалыңмалсыз күйеуге бермейтіні баяғыдан белгілі. КСРО билігі кезінде қалыңмал туралы мәлімет үлкен кемшілік түрінде насихатталғандықтан, қазақтар қыздарын тек қалыңмал алып баю үшін ғана күйеуге беретін болған деген кереғар пікір қалыптасты.
БӘСІРЕ
Бала есі кіріп, сүндетке отырғызылғанда, мектепке барғанда атасы немесе өз әке-шешесі оған тай атайды. Ол «бәсіре тай» аталады. Бәсіре мағынасы «Бас ірі» дегеннен, алғашқы өзіңнің жеке меншікті малың, болашақта жинайтын малдүниеңнің басы дегенді білдіретін меңзеуден шыққан болса керек.
ЕРКЕКШОРА
Қазақта «Еркекшора» деген ұғым – ұл балаша өскен қыз дегенді білдіреді. «Еркек» және «шора» – үлкен деген екі сөзден құралған. Кейбір ұлы жоқ отауда жалғыз қызды немесе қыздардың біреуін еркін, ұл балаша киіндіріп өсірген.
ТҮС ЖОРУ
Көрген түс тегін емес – ол адамға берілген белгі. Сондықтан көрген түсті жорыту үшін бақсы-балгер немесе үлкен кісілерге, атақты адамдарға, тіпті хандарға да өтініш білдірген. Түс туралы «Түстің шешімі – жоруында» деген бұрыннан келе жатқан сөз бар.
ТОҚТАУ АЙТУ
Адамның қазасына байланысты түрлі салттар баршылық. Қазақтар әдетте «Тас түскен жеріне ауыр» деп айтады. Дегенмен қайғы жамылған жанұяның қайғы-қасіретін өзінікіндей жақын сезінетіні де рас. Бұндайда барлық туған-туысқан, таныстар мен достар сол үйдің адамдарын мүмкіншілігінше рухани қолдап демеушілік көрсетеді.
ҚЫЗ ЖАСАУЫ
Әр қазақтың басты арманы бала-шағаны өсіріп, ел қатарлы болатындай жанұялы етіп қатарға қосу. Немере, шөбере, немене сүю қазақ үшін үлкен бақыт. Қазақ одан кейінгі ұрпақты – туажат, жүрежат, жекжат, жұрағатты көруді де армандайды. Бұл өмірсүйгіштіктің керемет белгісі.
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ
Қазақтар қыздарға тылсым күштер әсер етпейді және көз өтпейді деп сенген.. Сондықтан да «Қызға қырық үйден тыю» деген сөз бүгінде де жиі айтылады. Бұл мәтел ұлттың болашағын ойлағандықтан пайда болған, себебі балалардың тәрбиесімен көбінесе аналары айналысады.
АРЫЗДАСУ
Қазақтың «Ар ісі» деген ұғымынан шыққан салт. Қайтыс боларын сезген адам бар күш-жігерін жинап туған-туысқандарымен, жақындарымен, жора-жолдастарымен ақырғы рет сөйлеседі. Бұл салтты қазақта «арыздасу» деп атайды.
ӘУЛИЕ АРАЛАУ
Қазақтың ең байырғы салттарының бірі «Әулие аралау». Адамдар әулиелерге түрлі себептермен тәу етуге барады: біреулер науқасынан жазылғысы келеді, енді біреулер жанұясындағы келеңсіздікті жоюға көмектесуді сұрайды, үшіншілері туған-туысқандарының жағдайын жақсарту мақсатында т.б. барып жалбарынады.
СЫҢСУ
Сыңсу – қазақ ұлтының естен шыға бастаған салттарының бірі. Бұрынғы кезде тұрмысқа шығып бара жатқан қыздар ән шырқаған. Белгілі «Балқадиша» әнінде кетіп бара жатқан қыздың жаңдайын жеткізе айтылған мынадай қимастық сөздер бар: Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боларсың қандай жарға, дүние-ай, жар Қадиша!
КІНДІК КЕСУ
Бұрынғы ғасырларда қазақ аналары үйде босанатын болған. Дүние есігін ашқан нәрестенің кіндігі өз үйінде кесілетін. Әдетте кіндік кесу үшін сәбидің атасы мен әжесі жақын туыстардың бірін алдын-ала таңдайтын болған. Кіндік кескен әйел осылайша «кіндік шеше» немесе «кіндік ана» атанатын.
ЕТ АСАТУ
Тағамның қайсысына болса да қазақтар үлкен құрметпен қарайды. Бұны дәлелдейтін: «Наннан үлкен емессің», «Нанға қолың жетпесе, құранның үстіне тұрып алуға болады», «Қуыс үйден құр шықпа» дейтін мақал-мәтелдер де жетіп артылады.
ЕНШІ БЕРУ
Енші – ата-ананың балаларына бөліп беретін мұрасының бөлшегі. Енші беру шешімі баласының өз күнін өзі көре алатынына сенімді болған жағдайда қабылданады
АС БЕРУ
Қазақ халқы адам көз жұмған соң 7, 40 және 100 күнін атап өтеді. Грек тарихшысы Геродот қазақтардың бабалары сақтар туралы төмендегідей жазба қалдырған: «Егер біреудің әкесі қайтыс болған жағдайда барлық туыстары мал айдап әкеледі, оларды сойып етін бөлшектейді… Ұлы әкесіне бағыштап эллиндердің еске алу мерекелеріндегідей құрбандық шалады. Бұл адамдар дұрыс адамдар деп есептелінеді және олардың қызкеліншектері ерлермен тең».
БАЛА БЕРУ
Қазақ үшін ең ауыры баласыз болу, ұрпақсыз қалу. Халық баласыз жұптарды аяйтын болған. Балалы үй базар, Баласыз үй мазар. – деген мақалдың шығу себептері осыны аңғартады.
ТОЙБАСТАР
Қазақ мәдениетінде үлкенді-кішілі салттардың бірі – Тойбастар айту. Қоғам қайраткері, дәрігер әрі тарихшы Досмұха- медұлы Халел осы салт туралы былай деп жазған: «Тойбастарда қалыңдық пен күйеу жігіт, олардың ата-анасы мен руластары мадақталады және жаңа үйленген жастарға бақыт мен ақ тілеу тіленеді».
БЕСІК АЛАСТАУ
Баланың дүниеге келуі қазақ үшін – ең үлкен бақыт. Дүниеге мұрагердің келгені туралы баланың әкесіне хабар жеткізген адамға ат мінгізілетін. Қазақтар бесікті қасиетті санайды. Заманауи медицина да бесіктің бала денесінің қалыптасуына игі әсері бар екен мойындап, бесікті аластап отырған.
СЫЙЛЫҚ ТАРТУ
Қазақтар ежелден сыйлық жасауға құмар халық. Қазақта «Қанша салт болса, сонша сыйлық бар» деген сөз де бар. Сондықтан қазақ ауыз әдебиетінің бір жағымды кейіпкері Атымтай жомартты үлгі етеді. Сол Атымтайдың аты «жомарт» деген сөзсінсіз ауызға алынбайды. Қазақтар бүгінде де қолы ашық адамды «Атымтайдай жомарт екен» деп мақтаса, үйіне келген қонақты жақтырмайтын, сараңды «Шықбермес Шыйғайбайдай екен!» деп жазғырып жатады.
КӨТЕРМЕ
Қазақ мәдениетінде жылқы малының алатын орны, ерекшелігі соншалық, оған байланысты салттар аз емес. Осы қасиетті жануар қазақ ұлтымен бірге ғасырлар бойы көптеген қиындықтарды бірге өтті.».
ЖЕСІР ДАУЫ
Қазақта «жер дауы, жесір дауы» деген сөз тіркес бар. Кейбірде «келін дауы» деп те аталады. Жесір дауы болғанда немен тынар екен деп бүкіл ауыл-аймақ болып құлақ түретін, бұндай келеңсіздік бүкіл әулет, ауыл мен бір немесе бірнеше рудың абыройына нұқсан келтірген.
КҮЙ ТАРТЫС
Қазақтарда қонақ күту кездерінде аман-саулық сұрасып, тамақ ішіп болған соң, асықпай әңгіме-дүкен құрып отырған кезде домбыра тартылып, ән шырқалатын. Егер екі немесе бірнеше шебер күйшінің басы қосыла қалған жағдай болса, күй тартыс болып көпшілік қызыққа бөленетін. Бірақ бұндай күй тартыс сайысына түсуге барлық домбырашылардың жүрегі дауалай бермеген.
ТОҚЫМ ҚАҒАР
«Тоқым қағар» ‒ үй иесі алыс жолға шығар алдында жасалынатын салт. Туыстар мен достар, ауыл адамдары үй иесінің алыс сапарға шыққалы жатқанын естіп келеді. Олар жолға шығатын адамға «Ақ жол», «Жол оң болсын» және басқа да жақсы тілектерін айтып тілеулестігін білдіреді.
CҮЙІНШІ СҰРАУ
Сүйінші сұрау адамның туған кезінен бастап өмір бойғы серігі іспеттес. Қазақ үшін жақсы жаңалықтың бәрі үлкен-кіші демей сүйінші сұрауға лайық. «Сүйінші – сәби дүниеге келді!», «Сүйінші – бала алғашқы қадамын жасады!» «Сүйінші – баламыз алғаш рет атқа отырды.
АЛТЫБАҚАН
Алтыбакан – екі жақтан үш бағанды төбесінен байлап бір біріне арқанмен жалғастыратын әткеншек. Әдетте қыз бен жігіт тербелетін болған. Алтыбақан кешке таман құрылатын, себебі күндіз ауыл түгелімен шаруашылықпен айналысады. Сырттан қараған адамға алтыбақан ойын болып көрінгенімен, бұл жастардың көңіл көтеру арқылы танысып, жақындасуына арналған өзіндік салт.
АТ ТҰЛДАУ
Жылқы малы қазақтардың жарық дүниеге келген уақытынан өмір бойы бірге болып, соңғы демі таусылғанша қасында болатын жанына ең жақын жануар. Қазақ даласында болған шетелдік тарихшылардың барлығы дерлік қазақ халқының жылқыға деген айрықша көңілін байқап өз шығармаларында жазып кеткен.
ТАМЫР БОЛУ
Достық қазақтар үшін ең асыл құндылықтардың бірі болып табылады. Достықтың шыңы «Тамыр болу» салты. Тамыр достан да жақын, туған бауырдай деуге болады. Бұндай жақын достасудың «тамыр» аталуы да бекер емес. Тамыр болу досыңды бір ата мен анадан туған бауырдай жақын көру.
ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ
Қазақ халқы байырғы заманнан адамды сыйлауды қоғам болашағының діңгегі деп білген. Сондықтан сыйласуды ана тілін білумен қатар қойған. Мысалы, ата-анаға деген сыйластық – салттардың ең биігі саналады. «Әке асқар тау», «Жұмақ ананың аяғының астында» және басқа да сөздер осыны білдіреді. Және бір маңыздысы аруақты сыйлау болып табылады.
БЕСІК ЖЫРЫ
Ересектердің қай-қайсысы болса да ауыл, ру жеткіншектері үшін өз жауапкершілігін жақсы сезінген. Сондықтан егер бала бұзықтық жасап қойса, оған ескерту жасап түзу жолға салатын. Мақтауға тұратын болса мақтап, керек жерінде кеңес беріп, қамқорлық та көрсететін. Ұлтты біріктіретін «Әр қазақ менің жалғызым» деген осы бір алтын ереже бүгінде де өз жалғастығын тауып келеді.
АТ-ТОН АЙЫП
Қазақ елінің байырғы заманда да өз заңы болған. Ол «Жеті жарғы» деп аталған. Осы «Жеті жарғы» жайлы заңнамасын түзуге қатысқандар «жарғыш» деп аталған.
АУЫЛДЫҢ АЛТЫАУЫЗЫ
Қазақтар өте қонақжай халық. Қонаққа шақырған кезде ауылдың алтыауызы, шеңді шешені келіп, ортаны тілі мен әсем сөзімен басқарып отырған.
СЫБАҒА БЕРУ
Қазақтар наннан биік ештеңе жоқ деп түсініп, оны күнге ұқсас дөңгелек етіп пісіреді. Ал нанды бір қолмен сындыру қазақ ұғымында нанды сыйламау әрі үлкен әдепсіздік деп бағаланады. Ал әйелдерге басына орамал тартпай немесе кимешек кимей тамақ жасауға қатаң тыйым салынған.
БАЛ АШУ
Болашақты болжайтын білгірлер баяғы заманнан бері бар. Олар қазақтардың бабаларының тасқа қашап жазылған суреттеріне, байырғы сына жазуларына және қойдың қабырғасына қарап болжауын айтатын болған.
ҚЫЗ КӨРУ
Қыз көру – жастар танысатын алғашқы кезең. Егер жастар бірін-бірі ұнатса, құда түсу кезеңіне ойысады да үшінші кезеңде той ойналады. Кәмелет жасына толған жігіттер тұрмысқа шығатын қыздарға көз салатын, қыздар да өз кезегінде жақын арада өздерінің «жат жұрттық» болып басқа әулеттің табалдырығын аттауы керек екенін түсінетін.
ЖАРЫСҚАЗАН
Қазақ үшін баланың дүниеге келуі ең үлкен бақыт. Сондықтан аяғы ауыр әйелге ерекше көңіл бөлінетін болған. Келінінің бойына бала біткенін сезген енесі оны қамқорлығына алып, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау әрекетін жасай бастайды. Жасы үлкен, көпті көрген әйелдер жас ананың жағдайын жасауға тырысқан. Абысын-ажын, ауыл әйелдері жиналып «Құрсақ тойын» өткізеді.
ЖЕТІ АТАНЫ БІЛУ
Әдетте қазақтар өз аталары туралы жеті атадан да ары біледі. Бұған жарық көріп жатқан көптеген «Шежіре» кітаптары дәлел. Осы салттың өте маңызды екенін айқындайтын «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» сынды кеңінен тараған мақал-мәтелдер қазақ арасында бүгінгі таңда да жиі айтылады.
ҚАРАЛЫ КӨШ
Қазақта «Қаралы көш» салты болған. Бұл қайтыс болған адамды бір жыл бойы жоқтап еске алып жүруге арналған салттардың бірі.
ҚҰДА ТАРТАР
«Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» дейді қазақтар. Екі жақ қалың мал мөлшері, той мен жасау-жабдық жөнінде келісіп болған соң – «құдалық» салтының кезегі келеді. Қазақ тойларында бүгінде де шырқалатын әндерде мынадай өлең жолдары бар: Құда, құда дегізген, Құйрық-бауыр жегізген Келе жатыр құдағи Төрге отыр дегізген.
САУЫН АЙТУ
Салтанатты жиындар мен астарды ас-cумен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін жиын өткізуші шаңырақ керегінше сойыс мал мен сусын жинау үшін өз жақын туыстарынан көмек сұрайтын. «Сауын айту» салты осылай пайда болған.
ҰРЫН БАРУ
Құда түсу мен тойдың арасында күйеу жігіт қалыңдығының ауылына баратын болған. Бұны қазақта «Ұрын бару» деп атайды. Осы салт туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезұлы «Абай жолы» романында: «Абайдың бұл келісі ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те аталады. Өзге келістердей емес, күйеу бұл жолы, алғашқы күндерде талай нәрсеге көндіге білу керек. Сол өзгешеліктің үлкені – қалыңдықты көрсетпеу».
НЕКЕ ҚИЮ
Осы салт туралы жазбас бұрын, оның өте маңызды бір бөлшегі туралы тоқталып өткім келеді. Себебі қазақ жастары қазіргі кезде де өздерінің қосылуын куәлердің көзінше бір кеседен су ішумен жүзеге асырады. Салттың осы бір құрамдас бөлігінің тарихы өте терең. Байырғы замандағы түркілер (түрік емес – Б.О.) Тәңірге сенген.
КЕНЖЕ БАЛА ЕТІП АЛУ
Қазақ әдебі бойынша баласын емізген ана көз өтпесін деп бөгде адамдар отырғанда анарын көрсетпей бүркемелеп отыруы тиіс. Сәби дүниеге келген күннен бастап 40 күн бойы қолды суық сумен жууға тыйым салынады. Олай болмаған күнде бала қатыгез болып өсуі мүмкін деген сенім болған.
ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚ
Қазақ қауымында қыз тәрбиесі қашанда да әжесі мен анасының, қала берді бүкіл ауыл әйелдерінің міндеті болғаны белгілі. Қыз тәрбиесіне байланысты бүгінгі күнге жеткен байырғы кездегі сөздердің бірі «Қызға қырық үйден тыйым» бүгінде де жиі айтылады.
"Адырна" ұлттық порталы