«Балапан» арнасының ұлт-ұрпағын тәрбиелеудегі рөлі қандай?

6130
Adyrna.kz Telegram

Жиырма жылдан бері, көгілдір экран арқылы, балғын көрермендер мен олардың ата-аналарының көз айымына айналған "Балапан" арнасының мақсаты - келешек ұрпағымызға, рухани нәр беріп, адамгершілігі мол, мәдениетті, білім мен ғылым шыңына шыға алатын ұрпақ тәрбиелеу.
        "Балапан" - Қазақстандағы тұңғыш балалар арнасы. Телеарнаның ең басты ерекшелігі, ол тек қазақ тілінде хабар таратады. "Балапан" арнасы 2010 жылы 27 қыркүйекте құрылған болатын. Содан бері, білім, ғылым, өнер, спорт, тағы басқа сан салалы бағыттарда бағдарламалар ұсынып, бүлдіршіндерді мәпелеп отырған әрбір отбасының, сенімді серігіне айналды. Атап айтар болсақ, спорттық командалық жарыс ретінде өтетін "Жүзден жүйрік" бағдарламасы балаларды бірлікке, бауырмалдыққа баулыса, ал "Hello, Балапан!", балдырғандарға ағылшын тілін үйретеді. "Бауырсақ" бағдарламасы жасөспірімдерді дұрыс тамақтануға, "Санамақ", бағдарламасы экономикалық сауаттылыққа, ал ""Алақай, Балақай!" салауатты өмір салтына шақырады."Балапан" арнасының ұлт-ұрпағын тәрбиелеудегі рөлі қандай? Осыған орай, біз арна көрермендерімен сұхбаттасқан  болатынбыз.

 

Дүйсенова Қадиша Омарбекқызы

Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны, әже.

"Балапан" арнасының болашақ өсіп келе жатқан ұрпағымызға беретін тәрбиесінің мағынасы мол.
Әрине,  "Балапан" арнасы балаларға жақсы тәрбие береді деп айта аламын. Мысалы,  өз немерелерім осы арнаға карап, тәрбиеленіп жатыр. Кейде өзім де немерелеріме қосылып, қараймын. "Балапан" арнасынан кері әсер ететін көріністерді осы уакытка дейін байқаған емеспін.

Досманбетова Кулайша Жадрасиловна

Алматы қаласындағы № 157 мектеп директрының оқу жөніндегі орынбасары

 

«Балапан» телеарнасы -балаларға арналған танымдық арна. Балалар бұл арнаны қызығып қарайды, өйткені, бұл каналда көретін тəрбиелік мəні зор бағдарламар көп. Балаларды спортқа баулу, ұлттық құндылықтардың мән-мазмұнын  жеткізу мақсатында жан-жақты болуына ықпал етеді."Балапан" телеарнасын көптеген балалар асыға күтіп қарайды.

 

 

Тұрсынжан Лаура

Алматы облысы Іле ауданы Әли ауылындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы

     Балапан телеарнасы - балаларға арналған қазақ тіліндегі тұғңыш арна және менің сүйікті арнам. Бос уақытым болса балапан арнасын көргенді ұнатамын. Тіпті, сабақ оқып немесе үй шаруасын істегенде де «Балапан» арнасы қосулы тұрады. Үшінші- төртінші сыныптарда оқып жүргенде сүйікті мульфильмімді телеарналарда көрсететін, уақыт өте ол мультфилімді көрсетпейтін болды. Балапан арнасы құрылған соң сүйікті мульфилімім «Еріншектер елінің» қазақ тіліндегі нұсқасын көріп, қуанышымда шек болмады. «Балапан» арнасында бұдан да басқа сүйікті бағдарламаларым көп. Сүйікті бағдарламаларымның бірі-«Данышпан қарға». Мультфильмде данышпан қарға суырдың сұрағына жауап бере отырып, сол арна көрермендеріне көптеген қызықты мәліметтерді баяндап береді. «Данышпан қарға» мультфильмінен мен көптеген қызықты деректер алдым. «Үйрен де жирен»-кезекті сүйікті бағдарламам. Қазақтың ұллтық құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, қазақтың ұлттық немесе ежелден келе жатқан бұйымдары, құралдары, киімдері туралы толығырақ мәлімет беріп, жасалу жолын да көрсетеді. Бұл бағдарламаны көріп менің, қыздарға арналған қазақтың ұлттық бұйымы шолпыға деген ерекше қызығушылығым оянды. «Қоңыр қаз» анимациялық жобасы қазақтың ұлттық аспаптарынан туған күйлерді арнайы бейнероликтермен әсемдеп көрсетеді. Күй тыңдағанда құйқаң шымырлап, бойыңа қан жүгіріп, шабыттанып сала бересің. Бүлдіршіндер жастайынан қазақтың төл туындыларының атауын біліп, құлағына сіңіруіне септігін тигізетін осындай жобалар көп болса екен. «ABC+» бағдарламасы көрермендерге қазақ, орыс және ағылышын тілдерін үйретеді.. Менің ойымша, тек қана бүлдіршіндерге емес сонымен қатар, ересектерге де керек бағдарлама. «Дара тұлға»-оқу-танымдық анимациялық жобасы. Қазақтың ұлы тұлғалары жайында баяндап, олардың еңбектері, жеткен жетістіктері және қиындықтары көрермендерге бейнелі деректер арқылы ұсынылады. «Балапан»арнасы шетелдік үздік мультфилімдерді қазақ тіліне аударып, қазақ көрермендерінің игілігіне айналдырды. Мысалы: «Питер Пэн», «София ханшайым», «Мияның ертегі әлемі», «Пороро», т.с.с. «Балапан» телеарнасы әрдайым жасөспірімдерге тәрбиелік мәні бар, баланың ой-өрісін дамытатын жобаларды ұсынады. Аз уақыт ішінде көрермендерді баурап алған бұл арнаның ұрпақ тәрбилеуде алатын орны ерекше. «Балапан» арнасының бүлдіршіндерге арналған мән-мағынаға толы, көңіл күй мен ерік- жігер сыйлайтын жобалар көбейе берсе екен!

 

София Ерболатқызы Алматы қаласы, 4 сынып оқушысы

[caption id="attachment_18378" align="aligncenter" width="2892"] bmd[/caption]

"Балапан" арнасы - менің сүйікті арнам. Мен оны үзбей көремін. Менің тұрақты түрде көретін бағдарламаларым: "Ойлан, тап!", "Неllo, балапан!" және "Биле, балапан!". Өйткені, ол бағдарламаларды көріп, өзім де ойнап, билеп кетемін. Риза  Данияр - менің сүйікті жүргізушім. Маған оның "Ойлан, тап!" бағдарламасын жүргізгені қатты ұнайды. Оның даусы әдемі, құлаққа жағымды естіледі екен. Сонымен қатар, ерекше сұлу қыз. Мен де кейін өскенде Риза Данияр секілді жүргізуші болғым келеді.

Жылқыбаева Айгерім Балығалиқызы

Алматы қаласының тұрғыны, психолог

Жалпы, көгілдір экран, яғни, телевизия, балаларға психологиялық тұрғыда міндетті түрде әсер ететінін айрықша атап айта аламын. Теледидардың жақсы жақтарымен қоса, жаман жақтары да бар. Балалардың шамамен 13 жасқа дейін елестету қабілеті ерекше болады екен. Мысалы, бала көрген әрбір бағдарлама мен мультфильдегі кейіпкерлерден үлгі алады. Сондықтан, балаларға тек дұрыс, мейірімді мультфильмдерді және өнегелік бағдарламаларды көрсету керек. Сол кезде балалар тек қана өзіне керекті және пайдалы ақпаратты бойларына сіңіріп алады. Жағымсыз тұстарын атап өтетін болсақ, балаларға ұзақ уақыт бойы теледидарды көрсетуге болмайды, өйткені,  көздің көру қабілеті нашарлап кетеді, сонымен қатар, теледидарды ас ішіп отырғанда  көрсе, баланың ішкен асы дұрыс қорытылмай қалады. Ал "Балапан" арнасы туралы айтарым, ол бүлдіршіндерге тамаша көңіл күй сыйлап қана қоймайды, сондай ақ, дұрыс тәрбие береді. Ендеше, жоғарыда айтылған ескертулерді есепке ала отырып "Балапан" арнасын балаларға тұрақты түрде көрсеткен абзал.

 

 

."Балапан" арнасының ұлт-ұрпағын тәрбиелеудегі рөлі қандай? деген сұраққа мейлінше,  толыққанды жауап алу мақсатында әлеуметтік желі арқылы сауалнама жүргізуді ұйғардық.

 "Балапан" арнасын көресің бе? Арнаны қаншалықты жиі көресін?

Күн сайын - 55%
Аптасына бір рет - 30%
Көрмейді - 15%

"Балапан" арнасының бала тәрбиесіндегі рөлі қаншалықты маңызды деп ойлайсын?
Өте маңызды - 88%
Аса маңыздылығы жоқ - 12%

"Балапан" арнасы балаларды жақсылық жасауға үйретеді ме?
Иә - 91%
Жоқ - 9%

Сенің ойынша "Балапан" арнасына қандай бағдарламалар жетіспейді?
Танымдық - 28%
Сабақ  тапсырмаларын орындауға көмектесетін бағдарламалар - 50%
Спорттық - 22%

Арнадан мультфильм көресің бе?
Иә - 71%
Жоқ - 29%

Сауалнаманы қорытындылайтын болсақ, "Балапан" телеарнасы ұлттық арна болғандықтан оны көрмейтін бала жоқ деуге болады. "Балапан" арнасы - қазақ тілінде сөйлеп, қазақ тілінде ойлау қабілетін дамытуға ықпалы орасан зор арна. Сондықтан да, ол - әрбір отбасының жанына жақын досына айналып кеткен арна.

                                                                  

Сауалнаманы жүргізген    Айрет Жанель  

Алматы қаласы

Пікірлер