Асхат Ниязов WhatsApp аккаунты бұзылғанын айтты

1349
Adyrna.kz Telegram

Журналист Асхат Ниязов WhatsApp аккауынтының бұзылғанын мәлімдеді. Айтуынша, өзінен бөлек әйелі, ата-анасы мен әріптесі Назымгүл Күміспаева да хакерлік шабуыл жасалған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Достар, менің WhatsApp қосымшам бұғатталды. Түнде әйелімнің, ата-анам мен әріптесім Назымгүлдің желідегі қосымшасына тосқауыл қойылды. Ата-анамның не қатысы бар? Назымгүлдің қазір Instagram, Telegram және WhatsApp-ы істемейді», – деді ол.

Айта кетейік, журналистің әлеуметтік желілеріне шабуыл 2023 жылдың желтоқсан айының соңында басталған еді. Бұған дейін Асхат Ниязов Youtube парақшасында мыңдаған сын-пікір мен балағат сөздер жазылғанын хабарлады. Журналист парақшаларға жасалған шабуылды «қорқыту талпынысы» дейді.

Асхат Ниязов — «Обожаю» жеке YouTube арнасының иесі. Ол көпшілікке әкімдер туралы бағдарлама түсіру арқылы танылды.

Пікірлер