Тағы да әйеліне қол көтерген. Кіші Тұрлыханов ескерту алды

1204
Adyrna.kz Telegram
Фото: Gakku.kz
Фото: Gakku.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі, 2000 жылдары танымал болған қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін үшін ескерту алды. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сотта белгілі болғандай, 2023 жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінітінін жетікізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, Тұрлыхановпен татуласқанын хабарлады.

Заң талабына сәйкес, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабы (1-1 б.) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза - ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу.

«Сот қаулысымен Т., ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлады қалалық соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, былтыр күзде де Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа шақырылған, бірақ әйелі оны кешіргендіктен, бір кездері танымал болған әртіс жазадан құтылған еді.

Пікірлер