Иранда Сүлеймани бейітінің маңындағы жарылыстан 70-тен астам адам қаза тапты

2039
Adyrna.kz Telegram

Иранның Керман қаласындағы жоғарғы қолбасшы Қасем Сүлеймани жерленген зират маңындағы жарылыс салдарынан 73 адам қаза тауып, 170-і жараланды, деп хабарлайды “Адырна” порталы IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеп.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, екі жарылыс болған. Керман облысының саяси және қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары IRNA агенттігіне: «Бұл газ жарылысы немесе лаңкестік әрекет пе екені әлі белгісіз», - деді.

Tasnim ақпарат көздерінің хабарлауынша, зираттың кіре берісіне жақын жерде қашықтан жаруға болатын бомба салынған екі пакет болған. IRNA да лаңкестік әрекетке ұқсас іс туралы ақпарат берді.

Еске сала кетейік, бүгін, 3 қаңтарда зиратта Қасем Сүлейманиді еске алу рәсімі өтті. 2020 жылдың дәл осы күні ол Бағдад әуежайының маңында АҚШ әуе күштерінің зымырандық шабуылынан қаза тапты. Қасем Сүлеймани Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрамындағы элиталық «Құдс» күштерінің жетекшісі болды. Корпус Иран үшін барлау және сыртқы арнайы операцияларға жауапты.

2020 жылдың 7 қаңтарында Касем Сүлейманиді жерлеу рәсімі кезінде миллиондаған азаматтар көшеге шығып, 50-ден астам адам қаза тапқан төбелеске әкелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер