Модернизм мәйегін жеткізген

6165
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Әдебиет порталы
Сурет: Әдебиет порталы

Бүгін — жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туған күні.

Белгілі қаламгер 1938 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Шорнақ ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында, «Парасат» журналында қызмет істеген.

«Бесін», «Адасқақ», «Бесатар» прозалық кітаптардың, әдебиет және өнер жайлы жазылған көптеген мақалалардың авторы. «Арғымақ пен шабандоз», «Құлагер» киносценарийлерін жазды. «Кек», «Жазушымен жүздесу», «Жетінші палата» драмалары, «Болмыс пен бетпе-бет», «Кек» (2001) кітаптары жарық көрді. Ол Б.Брехтің, Е.Шварцтың пьесаларын аударған. 1996 жылы «Ситуациялар» триптихы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Жазушы туралы «Парасат падишасы» атты кітап шықты. Созақ және Сарыағаш аудандарында мектептерге ол кісінің есімі берілген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер