Қазақстандықтар жаңа қызметке тағайындалған Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етуде

1790
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар жақында ғана жаңа қызметке тағайындалған Мәди Ахметовті қызметінен босатуды талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мәди Ахметов бірер күн бұрын Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалған. Дегенмен, "ең жас депутат" болған басшының қызметтен кетуін талап етіп, петиция қол қойғандардың саны 340-тан астам. Петиция Alash online сайтында жарияланды.

Петицияның авторы Саид Саматов есімді азамат.

«Осы жылдың қыркүйек айында әлеуметтік желілерде Мәжілістің бұрынғы депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне дайындалып жатыр деген ақпарат пайда болды. Содан кейін әкімдіктің баспасөз қызметі бұл орынның шынымен бос екенін хабарлады. Бірақ ол кезде үміткерлер туралы ешқандай мәлімет болған жоқ», – делінген петиция мәтінінде.

Ахметов қоғамда саяси көзқарасымен танылып үлгерген. Ол 2019 жылы «қазақ жастарының» атынан сөйлеген сөзінде Алматыда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасаған болатын. Одан кейін ол президенттік сайлауда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

Көзқарасының жылдам өзгеруімен билікке де, халыққа да танылған бұрынғы депутатқа қатысты тағы да бір петиция жарияланған болатын. 10 мыңнан астам адам қолдаған петицияда Ахметовтің әскери борышын өтеуі талап етілген.

Пікірлер