АЛДАМШЫ ҮМІТ

2936
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі таңда  драматургтардың ішіндегі оқ бойы озық тұрғандарының бірі - ҚОЛҒАНАТ МҰРАТ. “Шырмаудағы ғұмыр” (2013),“Қуыршақ” (2013), “Шырғалаң” (2014), “Түнек” (2015), “Пони” (2016), “Cаусақ” ( 2016), “Бақыт кілті” (2016) сынды пьессалар жазып, Бақыт кілті пьесасы М. Әуезов театрында сахналанды. Ұсынғалы отырған "Алдамшы үміт" пьесасы "Алтын қалам 2015" жылдың үздік драмасы.

 

Бір актілі драма

Кейіпкерлер:

Айша апа – жасы 60-та. Жалғыз басты кемпір бизнесмен кемпір

Ботагөз – 27-28 жастағы келіншек. Айша апаның үй күтушісі

Серік - Ботагөздің күйеуі. Айша апаның шофері.

Көрші әйел – 38 жастан асқан тұрмысқа шықпаған қыз.Адвокат.

Өгей ұл – Айша апаның күйеуінің ұлы. Айша апаның бизнесін жүргізетін оң қолы. (Бір жақ бетінде ыстық судан күйіп қалған таңба бар).

Қосымша кейіпкерлер:

Камера орнатқан екі жігіт.

Мейірім - Ботагөздің қызы – 4 жаста (Баласы тек телефонмен сөйлеседі).

Екі тапсырыс жеткізуші жігіттер.

Полиция

Спецназдар.

 

1 – көрініс

Далада ақ жаңбыр.Коддеж үйдің залы. Айша апа алжапқыш байлап алған бөлмеден бір затын іздеп жүр.

Айша апа(Қорқыныштан айқайлап).Ботагөз, Ботагөз... О, Алла, адамда қайдағы жоқ түсті көреді екен ғой. (Ботагөз келеді).

Ботагөз. Шақырдыңыз ба?

Айша апа. Түнде күдікті зат байқаған жоқсың ба?

Ботагөз. Жоқ.

Айша апа. Бастырылып қалдым ба білмеймін! Қара киінген адамның елесі көргендей болдым. Төсегімнің бас жағында маған қарап тұрды да, жоқ болды.

Ботагөз.Қара адам дейсіз бе?

Айша апа. Маған қозғалып тұрғандай болды. Жарықты жағып қалып едім, ештеңе жоқ.

Ботагөз. Елестеген шығар.

Айша апа. Елеске ұқсамады. Камера орнату керек шығар үйге... Оның үстінде марқұм күйеумді көрдім. Маған қарамай теріс қарап отыр. Жеті

шелпек пісіріп, мешітке апарып беріп, құран оқытып шықпасам болмас. Өзіміз өлмейтіндей, өлгендерді де ұмыттық қой

Ботагөз. Өңіңіз әбіржіп кетіпті. Дәрігер шақырсақ қайтеді?

Айша апа. Сенде бір дәрігер-дәрігер деп қоймадың ғой. Менің денсаулығымды қайтесің. Оданда барып ана ұнды иле де шелпектерді пісір. (Ботагөз үндемей шығып кетеді). Осылардың бәрі менің денсаулығымды ойлағыш болып алыпты. Тезірек өліп жоғалсын дейді ғой. Адамның жынын ұстатып.

Осы кезде есіктің қоңырауы басылады. Ботагөз барып есікті ашады.Ішке Өгей ұл кіреді.

Ботогөз. Саламатсыз ба!

Өгей ұл. Апам үйде ма?

Ботогөз. Иә, үйде.

Айша апа (өгей ұлды көріп). «Кім келді» - деп елеңдеп қалсам. Өзің екенсің ғой.

Өгей ұл. Ой, апа менен басқа кім келеді.

Айша апа. Иә, жағдайларың қалай?

Өгей ұл. Аман-есен жатырмыз. Сол күнде компанияның жұмысымен шапқылаудамыз. Өзіңіз қалайсыз?

Айша апа. Баяғы кәрілік қой мазаны алған.

Өгей ұл. Германияға барып емделіп келсеңіз қайтеді.

Айша апа. Ана жылы қаншама ақша беріп бардым ғой.Еш пайдасы болмады.

Өгей ұл. Ол кезде Израйлдік дәрігерлер қарады ғой. Бұлар немістер...

Айша апа. Екеуінен де пайда жоқ. Ниетіңе рахмет. Биыл мына жерді бір жақты қылмай, ешқайда бармаймын.

Өгей ұл. Сол жерге байланысты келіп едім. Апа бізбен серіктес болатын адамдар табылмайтын сияқты.

Айша апа (Ашуланып). Табылмаса ана компаниядағы елу пайыздық акцияның бәрін сатып жіберде сол жерге қалайда үйді салғызатын бол.

Өгей ұл. Сатып жіберсеңіз өзіңіз қалай жан бағасыз?

Айша апа. Пенсиямен өмір сүремін. Сол үйден бір бөлме алып бер жетеді маған.

Өгей ұл. Қай байды көрдіңіз өз ақшасына мың пәтерлік үйді тегін салып берген. Ақылға сиымсыз ғой.

Айша апа. Бола берсін. Өлгенен кейін қылда әкете алмайтын байлықты қайтемін. Оданда біреудің тар бөлмесінде жаутаңдап отырған балалар өз үйлерінде уайымсыз ұйықтасын.

Өгей ұл. Апа мен сізді түсінемін. Бірақ басқалар түсінбейді ғой.

Айша апа. Балам істі көп соза бермей, былай келісейік. Егер осы бір айдың ішінде жаңағы қайырымдылық жасайтын шетелдік байларды таба алмасаң мен компаниядағы бар құнды қағаздарымды сатуға шығарам.

Өгей ұл. Сатуға шығарам дейсіз бе.... Осы аптаның ішінде қалайда табуға тырысам. Егер таба алмасам сізге бөгет болмаймын. Айтпақшы мына жерді мемлекет тартып алатын сияқты...

Айша апа. Тартып алғаны несі?

Өгей ұл. Уақытында игерілмеді деп тартып алады. Осы қаладағы көптеген бизнесмендерді ана жеріңіз қызықтырып отыр. Олар әкімшіліктегілерді пайдаланып небір қулыққа баруы мүмкін.

Айша апа. Мынау қиын болды ғой. Енді не істейміз?

Өгей ұл. Апа, уайымдамаңыз. Қалайда сіздің арманыңызды аяғына дейін жеткізіп, ол жерге көпқабатты үй тұрғызып беремін.

Айша апа. Рахмет айналайын. Көп жаса.

Өгей ұл. Маған сеніңіз апа.Қазір бір шетелдік компаниямен келіссөз жүргізіп жатырмын. Егер сәті келсе биыл қоныс тойын тойлаймыз.

Айша апа. Құдай қолдап, аман жетейік.

Өгей ұл. Апа ұмытып барады екенмін теледидардан біздің компанияны көрсетті. Ауылдарында ішуге ауыз су жоқ елге құдық қазып, көшелеріне су кіргізіп беріпті.

Айша апа. Жақсы болған екен.

Өгей ұл. Бірден білдім сіз екеніңізді. Жылда фирмадан тапқан табысыңызды қайырымдылық қорына аударушы едіңіз ғой.

Айша апа. Әкеңнің аманаты ғой.

Өгей ұл. Иә, марқұм әкем... Не деуші еді қазақтар

Айша апа. Аунап түскен шығар.

Өгей ұл. Дұрыс айтасыз.

Айша апа. Ай қазақпысың деген.

Өгей ұл. Апа мен қайтайын.

Айша апа. Тоқта, бірге шығайық.

Өгей ұл. Компанияға барайын деп отырсыз ба?

Айша апа. Бірінші мешітке, кейін оғанда кіріп шығармын.

Өгей ұл. Сізді апарып салайын.

Айша апа. Әуре болма. Шоферым апарады ғой.

Өгей ұл. Жақсы. Өзіңізді күтіңіз.

Ботагөз (Есікті ашып беріп) Сау болыңыз!

Айша апа. Ана Серікке хабарласшы көлігін дайындай берсін. Мешітке барам. Киім ауыстырып шығайын.

Ботагөз. Қазір апа. (Серік кіреді).

Серік (Қолын ұстап). Жағдайың қалай?.

Ботагөз. Жақындамашы... Апам көріп қояды.

Серік. Келші, бетіңнен сүйейін.

Ботагөз. Ары тұршы. Сезіктеніп қалуы мүмкін.

Серік. Әдемі болып кетіпсің.

Ботагөз. Арайлым қалай?

Серік. Бала бақшада «Мама» деген әдемі тақпақ жаттапты.

Ботагөз. Жаным сол. Өзін қатты сағынып жүрмін.

Серік. Бота іске көшейік (Қалтасыннан «у» құйылған құтыны шығарып). Мынау «у» ды шәйіна, немесе тамағына қосып бер. Кемпірің бес минуттан кейін бірден тырайып түседі.

Ботагөз. Серік мен...

Серік. Қорықпа! Кемпір ештеңе сезбей қалады. Мына затты (Құтыны көрсетіп) үлкен тапсырыстарда ғана қолданады. Бұл - адамның бірден жүрегінің жұмыс істеуін тоқтатады. Сот сарапшылары қандай анализ алса да, түк таппайтынына кепілдік беремін.

Ботагөз. Қашан берейін.

Серік. Уақытты көп сөза бермей тезірек бітіру керек.

Ботагөз. Жақсы.Келістік. Серік түнге қарай келемін.

Серік. Күтем.

2 – көрініс

Айша апа кофе ішіп газет оқып отырады. Көрші әйел кіреді.

Көрші әйел. Ой апа жағдайыңыз қалай?

Айша апа. Шүкір. Көңілдісің ғой?

Көрші әйел. Қашанғы жабырқап жүре береміз.Өзімізге өзіміз мереке жасамасақ, бізге ешкім қимайды ондай силықты ғой.

Айша апа. Дұрыс. Бұл заманда өзіңе-өзің ғана сенесің.

Көрші әйел. Айтпаңыз.

Айша апа. Заман сендердікі ғой. (Ботагөзге ) Қызым, екі кофе алып келші.

(Ботагөз Көрші әйелге кофе дайындап әкеліп береді.Айша апа газетін қайта оқып. Оқыған сайын көзі алақандай болып).

Ботагөз. Мінекейіңіз.

Айша апа. Сұмдық қой мынау!

Көрші әйел. Не болды апа?

Айша апа. Не болып барады адамдарға..

Көрші әйел. Не болып қалыпты?

Айша апа. Міне, қара, жалғыз басты шешесі және артында мүгедек інісі бар бір жас қыз, өзінен үлкен ерекекті жақсы көріп қалыпты. Кейін

анықталғандай, ол еркек әкесі болып шығады. Осыған шыдай алмаған шешесі жүректен қайтыс болып кетеді. Ал, қыз түк болмағандай інісімен тұрып жатқан көрінеді.

Көрші әйел. Ааа, осы ма, мен мұны алдында оқығам. Айтыңызшы, ол қыз не істеу керек енді?

Айша апа. Білгеннен кейін ақ көзін жоғалтпай ма үйден.

Көрші әйел. Өзіңіз айтатындай айтуға ғана оңай. Ол қыздың жағдайын тірі адамға бермесін. (Үстелді ұрғылап). Тфу-тфу, пәле жаланың бәрі өзімен кетсін!

Айша апа. Адамдар қазір білгенін істейтін болды ғой. Алдында бір теледидардан бір жастар сөйлеп жатыр, адамзаттың азып кетуінне бірден бір себеп ол - соғыстың болмауынан, бейбітшілік заманның тым көп тұруыннан дейді.

Көрші әйел. Қазір жер бетінде адам тым көп, санын азайтпаса, жер өзін асырай алмай қалатын шығар.Сол жерді сақтау үшін адамдарды қыру керек.

Айша апа. Астапралла! Не дейді мынау? Адамды өлтіру оңай дейсіңдер ме? Бүкіл адамзатты қырса, ішіңде өзіңде кетесің ғой.

Көрші әйел. Бола берсін.

Айша апа. Қатыгез, тасбауырсыңдар ғой. Жүрек жоқ сендерде.

Көрші әйел. Дұрыс айтасыз, қазір жүректі ояту үшін соғыс керек. Соғыс қана адамзатты сақтай алады дегенге мен сенемін.

Айша апа. Бір жағыннан сенің сөзіңде жан бар. Анада бір теледидардан тірідей сиырды үйтіп жақтан адамдарды көрсетіп жатыр. Сондай қатігез болуға бола ма?! Жас кезімізде әкеміз, ұл баларға малды қинамай сойыңдар деп үйретіп жататын.

Көрші әйел. Айтпаңыз. Сіздердің кездеріңізде бәрі идеалный болған шығар. (Телефон соғылады. Ботагөз радиотелефонды алып )

Ботагөз. Сәлеметсіз бе?! Иә, үйде.Қазір. (Радиотелефонды Айша апаға беріп). Сізге акиматтан.

Айша апа. Алло, иә тыңдап тұрмын. Жоқ, сіздер қате түсіндіңіздер.Қазір, менің балам ол жерге үй тұрғызатын компания іздеп жатыр. Осы жылы Құдай қаласа құрлысты бастап кететін шығармыз. Үш ай уақыттарың тым аз ғой. Жоқ, ол жерден дәмелеріңді үзіңдер. Ешкімге бермеймін. Сен өзің тым ақылды екенсің. Құдайға қараған пенде болсаң айтшы, сендердің арттарыңда қай бизнесмен тұр? Мемлекетке жаппа.Қазір мемлекет жоқ, жеке меншік адамдар ғана бар. Кімді ақымақ санайсың. Алло, алло...Үзіліп кетті. (трубканы қойып).

Көрші әйел. Акиматтан ба?

Айша апа. Осының артында қандай бизнесмендер тұрғанын табуға бола ма?

Көрші әйел. Негізі тексеруге болады.

Айша апа. Енді политцияның қолынан келмесе білмедім.

Көрші әйел. Ол жерде мен адвокат болып істеймін ғой.

Айша апа. Тіпті, онда сенің білмейтін пәлең жоқ.

Көрші әйел. Жақсы, апа.Жігіттерге айтып, сіз үшін тексеріп берейін.

Айша апа. Көп жаса айналайын. Ниетіңмен кіріссең шайтаның өзін ұстап алып келетін қызсың ғой. Ботагөз ана тоқыма сымдарымды әкеліп берші. (Ботагөз апаның тоқымасымен жіптерін әкеліп береді).

Көрші әйел. Апа, жеріңізді сатып жібермейсіз бе?! Нағыз мегаорталық салатын жер.

Айша апа. Сатам десем қуана-қуана сатып алатындар бар. Бірақ, менің қалағаным басқа ғой. Сол үлкен аумаққа мың отбасы сиятындай көпқабатты үй тұрғызып, үйі жоқ жастарға тегін бөліп бермей ме, қайдағы бір біреудің байлығына жұмыс жасайтын Мега центр салғанша. Ертең осы елді қорғайтын сол жастар. (Ботагөз шығып кетеді жұмыстарын істеп)

Көрші әйел. Охо, сіз де армандайсыз. Салғанның өзінде де, соған сол кедей кепшіктерді орналастыра ма?

Айша апа. Әңгіме сонда болып тұр, қызым. Ана балам да « Қалайда ол жерге үй салғызамын» - деп жанталасып жүгіріп жүр.

Көрші әйел. Күйеуіңіздің бұрынғы әйелінен қалған бала ма?

Айша апа. Менің құрсағымнан бала болмағанын біле тұра әдейі сұрайсың иә.

Көрші әйел. Кешіріңізші. Сізді өкпелететін ойым болған жоқ. Ол балаңыз пысық.

Айша апа. Сол баланың тілеуін тілеп отырмын. Жас кезінде қиқар болатын. Қазір, ақыл тоқтататын жасқа жеткенен кейін бе.(Ботагөз келіп)

Ботагөз. Кофе ішісіздер ме?

Көрші әйел. Рахмет.

Ботагөз. Ас болсын! (Ботагөз кофенің ыдысын алып жатады)

Айша апа. Осы сен ана менің шофрыма неге тұрмысқа шықпайсың? Шофер демесең ақылды жігіт қой. (Ботагөз ыдысты сылдыратып алады.)

Ботагөз. Кешіріңіздер.

Көрші әйел. Қойыңызшы сол шоферіңізді. Енді қалғаны шоферға шығу еді.Жақсы апа мен қайтайын.Кешігіп қалып жүрермін.

Айша апа. Тоқташы. Осы игерілмеген жерді мемлекет тартып ала алама?

Көрші әйел. Қазір жер туралы заң өзгерді. Тіпті алғылары келсе бар ғой, заңғада қарамай тартыр алуы мүмкін.

Айша апа. Әділетсіздік дейсің ғой.

Көрші әйел. Апа, бармадыңыз ба бізбен?

Айша апа. Енді қартайғанда бойдақ қыздармен қыдыру қалып еді.

Көрші апа. Өзіңіз білесіз. Сау бол, апа.

Айша апа. Тәп тәуір қыз. Жасы қырыққа жақындаған демесең. Мүсінінде мін жоқ. Алла бағын ашсын.

ЖАЛҒАСЫ БАР...

Пікірлер