Өзбекстандағы қазақ шенеунік Ресей жазушысына "өз тілінде" жауап берді

10135
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан экология министрінің кеңесшісі,  Расул Көшербаев Ресейге Орталық Азия мемлекеттерін қосу идеясын ұсынған ресейлік жазушы Захар Прилепинге жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Прилепин мырза мен Өзбекстанды басып алмақшы болып жатқан басқаларға, ең алдымен, өз тілдерінде пошёл на х.… Өкінішке қарай, ресейлік саясаткерлердің мұндай мәлімдемелері жиілеп, тіпті мүлде азаймай отыр. Бұл алаңдатады»,— деді ол өзінің телеграм арнасында.

Айтуынша, өзбек халқы ел тәуелсіздігін сақтау қалу үшін біріге алады.

«Өзбектер басқа мақсатта бірікпесе де, елдің тәуелсіздігін сақтау үшін біріге алады. Кремль ұлттар арасында соғыс пен дұшпандық тудыратын мұндай шовинистерге заңды шара қолдануы керек. Әйтпесе, Өзбекстанға басып кіруді көпшілік Ресейдің болашақ стратегиялық жоспары деп есептейді»,- деп жазды Көшербаев.

Расул Көшербаев бұдан алдын парламент депутаты болған. Ол парламент қабырғасында табанды мәлімдемелер жасап, ұстанымына берік саясаткер ретінде есте қалған.

Пікірлер