400 млн теңге. «Қазақфильм» киностудиясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

3069
Adyrna.kz Telegram

Прокурорлар Алматыда ұлттық кинематографияны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын әшкереледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша, бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ​Мәліметтерге сүйенсек, фильм түсіруге бағытталған 400 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған.

Сотқа дейінгі тергеуді Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың қаңтарында «Қасым хан» тарихи сериалының түсірілімі кезінде 30 миллионға жуық теңгенің ұрланғаны белгілі болды. Тергеу барысында аталған қылмысқа қатысы бар тұлғалардың қызмет бабын пайдаланып, пиротехникалық заттарды сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер