Тәбеті таудай Tolagai. Тағы бір Назарбаева депутат назарына ілікті

2225
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың туған қызы Ақбота Назарбаеваға қатысы бар «Толағай-2050» компаниясымен жасалған миллиардтарды сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Қазақстан Республикасының аумақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50 шекара заставасын салу жоспарланған болатын. 2022 жылы 20 шекара заставасын салу бойынша жұмыстарды сатып алуға тендер жарияланды және 53 894 миллиард теңге сомасына мердігерлік ұйымдар «Kapital construction» ЖШС-мен және «TOLAGAI-2050» ЖШС-мен жалпы шарттар жасалды. Жасалған шартқа сәйкес «TOLAGAI-2050» ЖШС 40 350 миллиард теңге сомасындағы 15 шекара заставасын салуға тиіс еді. Жұмысты орындау мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін», - деді Сарым сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында.

Ол жыл соңына дейін 17 күн қалғанын атап өтті.

«Алайда, жоғарыда көрсетілген шарт бойынша мерзім өрескел бұзылды. Бұдан басқа, жүргізілетін жұмыстардың сапасына шағымдар түсуде. Қолда бар ақпарат бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанында «TOLAGAI-2050» ЖШС тек 13 960 миллиард теңгені игерді, бұл шарттың жалпы сомасының 35 %-ы игерілді деген сөз. Осы объектілер бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС шартты орындау мерзімін тағы 9 айға ұзартуды сұрайды, бұл жобаның айтарлықтай қымбаттауына алып келуі мүмкін» – деп баса айтты депутат.

Ол «Толағай-2050» компаниясы суару жүйелерін қайта жаңғырту, Сайран су қоймасын механикалық тазалау жобалары, сондай-ақ Алматы мен Павлодар облысындағы басқа да жобалар үшін БАҚ-та бірнеше рет сынға ұшырағанына» назар аударды.

«Компания 80-нен астам азаматтық және әкімшілік сот тергеп-тексеруіне қатысты, оның 10-нан астамы 2023 жылы өтті, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімінде міндетін адал орындамаушы деп танылды (Павлодар облысының соты)», - деді парламентарий.

Оның айтуынша, «осыған орай, Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті жобаға тапсырыс беруші бола отырып, келісім-шартты бұзуға барлық заңды негіз болғанымен, бүгінгі күнге дейін ешқандай шара қолданбаған».

«2022 жылдың 3 ақпанына дейін бұл компанияның құрылтайшылары арасында марқұм Болат Назарбаевтың қызы (Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі - "Адырна") Ақбота Назарбаев болғанын атап өтеміз», - деп нақтылады мәжілісмен.

Ол сондай-ақ шекара заставаларын салу өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іргелі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатынына ерекше назар аударды.

«Құрылыс мерзімдерінің бұзылуы елдің аумақтық тұтастығын бұзу, есірткі тасымалы мен басқа да тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы, жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз көшіп-қону қаупінің артуына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты, Сізден осы жоба бойынша «TOLAGAI-2050» ЖШС-қа қатысты тергеп-тексеру жүргізуді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз», - деп түйіндеді сөзін Сарым.

Пікірлер