Тәжікстан президенті әрбір тәжікке бір-бір "Шахнама" кітабын сыйламақ

1359
Adyrna.kz Telegram
Фото: asiaplustj.info
Фото: asiaplustj.info

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Фирдоусидің "Шахнама" поэмасын шығарып, және оны елдің барлық тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеп.

Бұл туралы президент 5 желтоқсанда Душанбеде өткен "Бободжон Гафуров – тәжік халқы тарихының ең ірі зерттеушісі және насихаттаушысы" атты халықаралық жиында мәлімдеген.

Эмомали Рахмон сонымен қатар үкіметтің мақсаты тәжік халқының тарихы мен ғылыми, әдеби, мәдени, өркениетті мұрасын сақтау екенін атап өтті.

"Осы бағалы мұраны халқымыздың бірлігі, мақтанышы, ата - бабаларымыздың Отанының өркендеуі және жаңа ұлттық мемлекеттілігіміздің негіздерін нығайту үшін пайдалануымыз керек",-деді ол.

Сол себепті Тәжікстан президенті бұл кітапты әр тұрғынға сыйламақ.

Дегенмен, "Шахнама " биліктің Тәжікстан тұрғындарына сыйға тартқан алғашқы кітабы емес. 2020 жылы Эмомали Рахмон әр отбасына Бободжон Гафуровтың "тәжіктер" кітабын сыйға тартуды бұйырды.

Пікірлер