Хамит Есаман: "Жүрегіме жұлдыз түсті тамды өлең"

3394
Adyrna.kz Telegram

Хамит Есаман 1986 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. Тараз педагогикалық институтының түлегі. 2008 жылы «Жалын» баспасынан «Ағаштың бүрі», 2013 жылы «Жазушы» баспасынан «Қараша хаттары» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша екінші орын иегері. Ендеше назарларыңызға Жамбылдық жас ақынның жеңімпаз болған бір өлеңін ұсынамыз.

 

Айтылмаған сыр

Жазайын бір жаңбырлатып өлеңді,

Қай теңізге қайырлаттым кемемді.

Өзімді әлі түсінбеген жайым бар,

Түсіндірем деп жүргенде әлемді.

 

Күллі әлемді түсіндіргім келетін,

Көңілімде күмбірлейтін көне түн.

Мына менің жүрегімнің жұлдызы,

Қисыны жоқ қиялыма сенетін.

 

Тамыр басып тағдыр жайлы толғап ем,

Жүрегіме жұлдыз түсті тамды өлең.

Қай өлеңді оқымадым мен бейбақ,

Қай ақынмен ауырмадым сонда мен.

 

Гүлдерді аңсап қауыздары ашылған,

Талай дәурен ұшып кетті басымнан.

Жүрегімнен басталғаным не керек,

Жаратылмаған соң көркем жасыннан.

 

Дұшпан таба қылып...кейде дос күлген,

Мейлі оның бәрін кейін кештім мен.

Бірақ бүгін оқи алмай бір өлең,

Ауыра алмай жүрмін тағы ешкіммен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер