Костенко шахтасында қаза тапқандардың туыстары уәде етілген қаржыны ала алмай отырғанын айтты

1277
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыдағы Костенко шахтасында мерт болған шахтерлердің туыстары үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Қаза тапқан шахтерлердің бірінің туысы видеохабарлама түсіріп, билік тарапынан уәде етілген қаражаттың берілмегенін, көмек қолын созған компания әкімдік қорына бергендерін айтып, әлі ақшалай көмекке қол жеткізе алмай отырғандарын баяндаған.

"Қайғы кешіп отырған отбасылардың көбінің жағдайы нашар. Бірі көпбалалы, бірінің балаларының денсаулығының ақаулықтары бар тағысын-тағы. Біз 400 миллион теңге бөлген компанияға хабарласып қаражат сұрағанымызда, әкімдікке аудардық деді. Ал әкімдік жауапсыз қалып отыр", деді видеодағы әйел.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖАН АХМАДИЕВ (@zhan_ahmadiev)

Еске сала кетейік, барлық 46 отбасын БЖЗҚ-дан жерлеуге біржолғы төлем берілген болатын. Кәмелетке толмаған және 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар 20 отбасына асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды.

Мемлекет қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әрі қарай да қолдау көрсетеді деп сендірді. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өз тарапынан 44 отбасыға 10 жылдық жалақы төлейтіндерін айтты. Қаза тапқан кеншілердің, олардың жұбайының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелетіні тағы айтылды. Сондай-ақ, жұмыс беруші әр отбасы мүшесіне кемінде 18 шаршы метр болатын пәтер сатып әперетіні айтылған болатын

 

Пікірлер