Қызылша жұқтыру көрсеткіші бойынша Қазақстанның қай өңірі көш бастап тұр?

1170
Adyrna.kz Telegram

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл Қазақстанның қай өңірінде қызылша ауруы жиілеп кеткенін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оның айтуынша, елдегі қызылшаға қатысты қазіргі эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

"2023 жылдың басынан бері республикада қызылшамен ауыру бойынша 20 188 жағдай тіркелді. Оның 81 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда, яғни 16 351 жағдай. Жасөспірімдер арасында 706 жағдай тіркелді, бұл 3,4 пайыз, 15,4 пайызды ересек тұрғындар құрайды, яғни 18 жастан асқандар арасында тіркелді – 3131 жағдай тіркелді. Барлық облыстарда қызылша ауруы тіркелді. Аурудың ең жоғары деңгейі Шымкентте – 3069 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 263,5, Алматыда – 3010, Алматы облысында – 1812 жағдай, Жамбылда – 2724, Маңғыстауда – 1701, Атырауда – 1377, Ақтөбеде – 5,8 адам. Қызылорда облысында – 1182 жағдай», - деді Смағұл.

Оның айтуынша, елімізде күн сайын қызылшамен ауыратын 350-ге жуық жағдай тіркелуде және негізгі ауру екпе алмаған адамдарда кездеседі.

Ұйымдасқан топтарда, яғни еліміздегі 643 мектепте қызылшамен ауырған 1466 жағдай тіркелді. Смағұл атап өткендей, байланыста болғандар саны 20 мыңнан асады, ал алғашқы 72 сағатта эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 3898 адам екпе алды.

«Сонымен қатар, байланыста болғандар арасында екпеден бас тарту фактілері тіркелуде – бүгінгі күні бұл 967 жағдай, ал тағы 724 байланыста медициналық жеңілдіктер бар. Мектепке дейінгі мекемелерде бүгінде 827 мекемеде 1662 жағдай анықталды. Қазіргі уақытта байланыста болғандар арасында эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 1 442 адам егілді, екпеден бас тарту жағдайлары да бар: 523 бас тарту тіркелді, 371 бала медициналық жеңілдікке ие болды», - деп қосты Манар Смағұл.

Пікірлер