Қазақстаннан бес жыл табан аудармаған даукес дипломат. Қытай елшісі кете ме?

2645
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ақорданың ресми сайтының жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін жеткізген.

«Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірген болатын.

«Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді»,- деп жеткізген еді Сыртқы істер министрлігі.

Бір ескеретіні, Сяоның өзі даулы мәлімдемелерімен және жергілікті баспасөз өкілдеріне қарсы агрессиясымен танымал.

Чжан Сяо 1964 жылы желтоқсанда Қытайдың Гуандун провинциясындағы Синнин қаласында дүниеге келген. 1987-1988 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің қызметкері;

2014-2017 жж – Қытайдың Ресей Федерациясындағы елшілігінің өкілі;

2001-2003 жж – Қытайдың Беларусь Республикасындағы елшілігінің кеңесшісі;

2017-2018 жж – Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Орталық Азия департаментінде жұмыс істейді (департамент директоры деңгейінде);

2018 жылғы 31 тамыздан бастап Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер