Оралға ұшып барған жолаушылар ұшағы әуежайға қона алмады

1100
Adyrna.kz Telegram
Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz

Жолаушылар ұшағы Орал әуежайына қона алмады. Бұл туралы "Мой город" Telegram-арнасына жариялады, деп хабарлайлы “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, 3 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Оралда Орал-Астана рейсі кейінге шегерілді. Алматы-Орал ұшағы Ақтөбедегі қосалқы аэродромға қонды. Бұл туралы басылымға Орал әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

4 желтоқсанда Алматыдан ұшатын рейс кейінге шегерілген. Оралға келудің болжамды уақыты 16:00. Алматыдан келетін тағы бір рейс екі сағатқа кешіккен. Орал әуежайының баспасөз қызметі 3 желтоқсанда сағат 18:00-ден 4 желтоқсанда сағат 04:00-ге дейін көктайғақ болып, жаңбыр жауғанын түсіндірді.

"Бұл ұшу қауіпсіздігіне теріс әсер етеді, өйткені жауын-шашыннан мұз пайда болады. Мұндай жағдайларда әуежай мұзға қарсы реагентті пайдаланады. Әуекомпаниялар ауа райы болжамына және ықтимал тәуекелдерге сүйене отырып, рейстерді орындау бойынша өз бетінше шешім қабылдайды. Төртінші желтоқсанда -3-тен +6 градусқа дейінгі температураның күрт ауысуына байланысты тұман қосылды, бұл көруді қиындатады. Әуекомпаниялар жоғарыда аталған рейстерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Орал әуежайы.

Орал әуежайы әуекомпаниялардың жолаушыларға барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқанын атап өтті.

Пікірлер