Жалғыз бала. Алматыда хостел өртінен қайтыс болған Никита Королевтың анасы әсерлі жазба жариялады

2838
Adyrna.kz Telegram
Фото: Никита Королевтің анасының жазбасынан
Фото: Никита Королевтің анасының жазбасынан

Хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқан Никита Королевтың анасы әлеуметтік желідегі парақшасына әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Лада порталына сілтеп.

Никита Королевтың анасы өзінің Instagram парақшасында ұлының жерлеу рәсімі өткенін жазды. Никита отбасындағы жалғыз бала болған.

Оның сөзінше, қайтыс болған ұлы Ақтауға үйіне ұшуға бір күн қалғанда қайғылы оқиғаға тап болған.

“Ол менің жалғыз ұлым. 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді. Мен оны көрмегеніме 1,5 жыл болып еді. Ал бүгін оны соңғы рет құшақтадым. Бұл өмірде немере-шөберелі болатыныма сенімді едім. Балаларыңыздың өмірге құрған жоспарлары ата-анасына өмір сүруге басты себеп. Менің қазір ондай жоспарым жоқ. Бұл қайғыдан қалай шығуға болатынын білсеңіздер айтыңыздар. Менде үміт етер ештеңе қалған жоқ”, – деп жазды Евгения Вегер.

Еске сала кетейік, Алматыда хостелдегі өрттен 13 адам көз жұмды.

Дегенмен, қаза тапқандардың тізімінде болған Түркістан облысының тумасы тірі болып шықты.

Пікірлер