Хостелдегі өрт. Марқұмдар тізіміндегі адам тірі болып шықты

3105
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда хостелдегі өрттен қаза тапқандар тізімінде тұрған азамат тірі болып шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі otyrar.kz-ке сілтеп.

30 қараша күні Алматыдағы хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам қайтыс болды деген ақпарат тараған болатын. Алайда "қайтыс болғандар" тізімінде тұрған Түркістан облысының тумасы тірі болып шықты.

Бұл ақпаратты Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары хабарлаған.

Азаматтың аты-жөні - Әмірәлі Рамазан Батырәліұлы. 20 жастағы түркістандық азамат Шымкенттегі медреселердің бірінде оқитын болып шықты. Ол ақша табу мақсатында Алматыға келген екен.

Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын Рамазан Батырәліұлы үйіне, Сарыағаш ауданына оралады.

Ал ата-анасы перзентін Ташкентте медициналық тексеруден өту үшін шақырып алған. Қазір 20 жастағы жігіт ата-анасының жанында.

Еске сала кетейік, 30 қараша күні Алматыда хостелдердің бірінде өрт шығып, 13 адамның өмірін жалмаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер