Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың иегері, елуден астам режиссерлік жұмыстар жүргізген, кинорежиссер-оператор Қалила Нематұлы Омаров пен сұхбат.
Кино әлеміне қалай келдіңіз?! Бала кезімнен кітап оқуды жаныма жалау еттім. Кітапты жата-жастанып оқығанның арқасында бармақтай ғана балақай болсам да әлемде болып жатқан мәселелерге түйін іздей бастадым. Сол оқыған кітаптарымның ішінен орыс классиктерінің әдебиеті қатты ұнайтын. Балалық шақтан бозбалалыққа аяқ басқан кезім болса керек, қиял қанатына мініп алып, Тургеновтің, Чеховтің, Достаевскийдің, Пушкиннің әңгімелерін оқып, жан-жағыма назар аудара бастадым. Ақыры бидай өңді, өткірлеу келген «Сайраш» есімді сұлу қызға ғашық болып қалдым. Сол қыз үшін тіптен комсомолға да өттім. Балалығым ба, әлде өнердің бір ұшқыны бойымда меңмұндалап тұрды ма, Сайраш туралы ойыма түрлі сюжеттер келетін. Қиял шіркін, сұмдық қой! Бір күні оны мәшине басып кете жаздағанда ер жүрек батырларша келіп құтқарып алғанымды, ал өзімді мәшине қағып ауруханаға түскен жапа шегуші ретінде сезінсем, енді бірде Сайраштың имене басып, ауруханаға тамақ әкелгенің, қайтарда қол бұлғағаның ойша қиялдап әңгіме жазуды бастайтын едім. Бірақ татымды дүние шықпайды. Чеховтарды оқысаң мөлдіретіп тұрып жазылған керемет әңгімеге қарық боласын. Ал өзімдікі оңған дүние емес. Бір күні Максим Горкийдің «Өмірден азап көрмеген адамнан, дұрыс жазушы шықпайды» дегенің оқып, үйден қашып кеттім. Ақтөбенің детприемнигінен бірақ шықтым. 1 айдай жатып, «Махаббатың азабы» деген әңгімені дүниеге әкелдім. Ақыры мектепті де тәмамдап, 2 жыл әскерге барып келіп, Ленинградтағы мәдени ағарту училищесінің «кинотану» мамандығына оқуға түстім. Киноәлеміне ең алғашқы қадамдарым осылай басталды... Ең алғашқы түсірген фильміңіз туралы айтып өтсеңіз? Қандай қиыншылықтармен кездестіңіз? Студенттік шағымда «Тірідей көмілгендер және «Кісен ашқан» деген деректі фильмдер түсірдім. «Кісен ашқаным» Ленинградта гран приді қанжығасына байлады. Алайда әке-шешем: «Ленинградта сегіз жыл жүрдің, орыс болып кететін болдың ғой» деп қоярда-қоймай ауылға шақырып алды. Содан елге келдім. Келуін келіп алып, ауылға сыймай, жанымды қоярға жер таппай, Алматыға кетудің амалын қарастырып жүрдім. Ақыры үйдің үлкендері үйленсең ғана Алматыға баруға рұқсат береміз деп шарт қойды. Үйленіп, ұлым дүниеге келгенде Алматыға тартып тұрдым. Ел арасында Тәушен есімді ақынның ақындығы, айтыскерлігі жайлы жиі сөз болатын. Алматыға келе салып, Таушен ақын туралы 8 ай іздендім. Ол айтысқанда дүйім-жұртты қыран-топан күлкіге қаншалық батырса, өмірі соншалық қайғы-қасіретке толы еді. 15 бауырының 13-ін жер қойнауына тапсырған, ата-ене, күйеуден қысым көретінің, іштегі бұлқынып жатқан өнерін сыртқа шығарайын десе «келін» деген арлы аты кедергі келтіретінің, қазақи салт-дәстүр, тыйым Тәушенге кері әсерін тигізгенің кинода ашыпНовости по теме
Сұхбаттасқан: Мөлдір Бектұрсын
"Адырна" ұлттық порталы