Державаларды жібіткен дипломат. Генри Киссинджер қайтыс болды

1148
Adyrna.kz Telegram
фото: AP
фото: AP

29 қараша күні АҚШ-тың екі президентінің тұсында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші және мемлекеттік хатшы болған, АҚШ-тың сыртқы саясатында өшпес із қалдырған және Нобель бейбітшілік сыйлығына ие болған дипломатиялық дарын иесі Генри Киссинджер 100 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Reuters жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Kissinger Associates Inc геосаяси консалтингтік фирмасының мәлімдемесіне сәйкес, Киссинджер Коннектикуттағы үйінде қайтыс болды.

Ақпарат бойынша, Нью-Йоркте көпшіліктің Киссинжерді еске алу рәсімі өтеді. Ал жерлеу рәсіміне саясаткердің жақындары мен достары қатысады.

Айта кетейік, Киссинджер қартайған шағында да белсенді болды, Ақ үйдегі кездесулерге қатысты, көшбасшылық туралы кітап басып шығарды және Солтүстік Кореядан төнген ядролық қауіп туралы Сенат комитетінде куәлік берді.

2023 жылдың шілдесінде ол Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу үшін аяқ астына Бейжіңге сапарлағанын дипломаттар мен саясаткерлер ұмытпаған болар.

Оның қырғи-қабақ соғыс кезінде АҚШ пен Кеңес одағын арасын жақындатуға тырысқаны туралы да көп айтылады.

Пікірлер