Хостелдегі өртте қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 млн теңге беріледі - Досаев

1259
Adyrna.kz Telegram
Фото: el.kz
Фото: el.kz

Хостелдегі өртте қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 млн теңге беріледі. Бұл туралы Алматы қаласынының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұдан бөлек мәйіттерді тасымалдаудың шығынын мемлекет көтереді. Қайтыс болған шетелдіктердің отбасыларына мәйіттерді жерлеу орнына жеткізуге көмек көрсетіледі.

Еске салайық, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқан еді. Олардың екеуі Ресей мен Өзбекстан азаматтары.

Министр Сырым Шәріпхановтың айтуынша, студенттер өздері оқып жатқан жоғары оқу орындары мен қала әкімдігіне баспана керек екенін айтпай, осы хостелде тұрып келген. Қазір өрттің шығу себептері мен оған жауапты тұлғаларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Пікірлер