Қазақстанда азаматтардан саусақ іздерін алу міндеттелмейтін болды

1132
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізін алу) енгізуден бас тартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек. Бірақ енді мемлекет одан бас тартқысы келеді. Бұл норма Мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік корпорациялардың мәселелері бойынша түзетулер жобасына енгізілді.

«Заң жобасының маңызды жаңалығы – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істей бастауы тиіс болған міндетті саусақ ізін алуды алып тасталынсын. Шешім көптеген өтініштерге, қауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшылардың пікіріне және  азаматтардың конституциялық құқықтарының құрметтілігіне байланысты қабылданды. Саусақ іздері азаматтың өтініші бойынша қалады. Сонымен қатар, шетелдіктер үшін саусақ ізін алу міндетті болып қала береді», — деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы» заң күшіне енді. Ол саусақ ізі мен геномдық ақпаратты жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтиды. Заңға сәйкес, 12 мен 16 жас аралығындағы балалардың дактилоскопиялық іздерін олардың келісімімен және ата-анасының немесе қамқоршысының қатысуымен ғана алуға болады, ал 16 жастан бастап қазақстандықтар үшін саусақ ізін тапсыру міндетті болады делінген еді.

Пікірлер