Қызылшамен ауырған 30 бала ауыр жағдайда

2118
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырып жатқан 30 баланың жағдайы ауыр екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда қызылшамен 17 мыңнан астам жағдай тіркелді, 82 пайыздан көбі балаларда, оның ішінде 83 пайызы вакцинацияланбаған балалар. Барлық облыстарда қызылша ауруы тіркелгені атап өтілді. Деңгейлердің жоғарылауы байқалады:

Шымкентте – 3 мыңнан астам;

Алматы және Жамбыл облысында – 2 мыңнан астам жағдай;

Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында – мыңнан астам жағдай.

Денсаулық сақтау министрі балалардың ұйымдасқан топтарға жиналуына байланысты 2023 жылдың қыркүйегінен бастап аурушаңдықтың күрт өсуі байқалғанын хабарлады.

«Нәтижесінде, аурушаңдық екі есеге өсті. Қараша айында қызылшамен ауыратын 6 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бүгінде елімізде қызылшамен ауыратын науқастарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек-орын орналастырылды. 2375 бала стационарлық емделуде, төсек-орын 60 пайызды, төсек резерві 1093 құрайды.

Жамбыл облысында - 92 пайыз, Алматыда - 88 пайыз, Түркістан облысында - 81 пайыз, Шымкентте - 79 пайыз төсек-орынның жоғары қамтылуы байқалады. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 30 бала ауыр жағдайда реанимацияда, оның ішінде бір жасқа дейін - 15 бала. Өлім тіркелген жоқ», - деді министр Үкімет отырысында.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер