Ауа райы жазықты ма? Новороссийскіде қазақ мұнайын тасу тағы да тоқтатылды

1371
Adyrna.kz Telegram

Новороссийск теңіз порты арқылы қазақстандық мұнайды жөнелту қайтадан тоқтатылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«КҚК теңіз терминалында мұнай тиеу тоқтатылды, танкерлер күту аймақтарына бөлінді. Компанияның су қоймалары толы. Осыған байланысты жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау төмендетілген режимдерде жүзеге асырылады»,-деп хабарлайды Каспий құбыр консорциумының (КҚК) баспасөз қызметі.

Бұл жағдай ауа райының аса қолайсыздығына байланысты болып жатыр. Нақтырақ айтсақ, жел 22-24 м/с (79,2-86,4 км/сағ), толқын биіктігі 6-8 метр. Жағдайға байланысты теңіз портының капитаны дауылды ескерту жариялады.

Қараша айында Новороссийск теңіз портында қайта тиеуге дауылды шектеулер бірнеше рет жарияланды.

Айта кетейік, Қазақстан өз мұнайының 80 пайызын Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы арқылы экспорттайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер