Атырауда қаржы пирамидасын құрған зейнеткер жазасын шартты түрде өтейді

2685
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Атырауда қаржы пирамидасын құрған егде жастағы азамат 5 жылға сотталды. Зейнет жасында түрмеге тоғытылған қария жазасын шартты түрде өтемек.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, аса ірі мөлшерде ақша қаржы пирамидасын құрды. Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылып отыр.

«Сотталушы Т. Ресей Федерациясының азаматы Д-ның „The Finiko“ компаниясын құрғанын біліп, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, оған қосылуға және компания атынан әрекет жасауға шешім қабылдаған. Өзінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыру мақсатында әрекетінің заңсыздығын біле тұра ақпараттық механизмді іске қосқан. Әлеуметтік желі арқылы өзіне жақын адамдар арасынан компанияға салымшыларды тартуға бағытталған әрекетін жүзеге асырған. Ол Қазақстан Республикасының аумағында „The Finiko“ компаниясының халықпен жұмыс істеу тәжірибесі бар екеніне көз жеткізіп, компанияның құрылымдық бөлімшесін басқаруға шешім қабылдаған», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қария аталған компанияға 19 жәбірленушіні шақырған. Олар 108 млн теңгеден асқан қаржылық залал келтіріп отыр.

Дегенмен зейнеткер тергеу барысында 93 млн теңге залалды толтырған. Қалған сумма шамамен 15 млн теңге.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: "Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер