Home » Айдарлар » Қоғам » ОРАЛМАНҒА ҚАЖЕТІ ЖОҚ ОРЫС ТІЛІ ДӘУРЕНДЕП, ОРЫС ТІЛДІЛЕР ҚАШАНҒЫ ҮСТЕМДІК ҚҰРА БЕРМЕК?

ОРАЛМАНҒА ҚАЖЕТІ ЖОҚ ОРЫС ТІЛІ ДӘУРЕНДЕП, ОРЫС ТІЛДІЛЕР ҚАШАНҒЫ ҮСТЕМДІК ҚҰРА БЕРМЕК?

“Отандастар” қорынан, жұмыстан кеттік.
Анығы – кетірді.
Ол жерге Қазақ ұлтының мүддесін шынайы ойлайтын ұлтшыл адамдар керек емес.
Өтірік есептер мен жалған айғай, келсе-келмес мемарандумдар мен қаржы шашатын өтірік жобалар ұсынып, орысша сөйлесең, басшылыққа жағымсып, өтірікті суша сапырсаң ғана жағасың.
Қандастар ісі бойынша он жылдық тәжірибеме сүйеніп, төрт ай адал еңбек еттім. Біраз қандастың маңдайынан сипап, жасын сүрттік.
Еңбек ардагері, Көші-қон саласының үздік маманы Марат Токсамбаевағама сәйкесіп, қызу ынтамен “Байланыс орталығының” базасын дайындадық. Құжаты жоқ, өмірден торығып, өзіне қол салмақ болған жандарға рухани күш бердік.
Орыс тілділер ұлт жанашырларын қашанда сидырмайтыны анық. Біздің бар мініміз – қазақша сөйлеп, бар ынтамызбен қызмет еткеніміз.
Ұлттық ұстанымда берік тұрғаны үшін сәуір айында Madi Manatbekұлын да вице-президент қызметінен кетірген болатын.
Алда сайлау науқаны. Құжаттық мәселесі ауыр жиырма мыңға жуық қандас әр жерде сандалып жүр. Күні ертең әлеуметтік араздықтың бір ұшқыны осыдан тұтайтыны ақиқат. Қор болса қайдағы бір “Мюнхендегі кіші құрылтай” деп сабылып, шашылып жүр. https://www.inform.kz/…/myunhende-duniezhuzi-kazaktarynyn-k…
Сөздің ашығы – Еуропадағы аз қазақтың мұнда қазір келгісі жоқ. (Оны көзімізбен көрдік те).
Қандастың басым бөлігін ұстайтын елдерге барып, көш бұйдасын түзеу керек еді. Бұлар Ресей мен Еуропаны аралаудан аспай жүр.
Қазаққа шын жаны ашыса, қытайда қысым көрген екі жарым миллион қазақтың ортасына барсын. Өзбек, Иран, Түркия, т.б елдердегі орысша түсінбейтін қандастармен орыс тілінде қалай жұмыс жасау ойлары барын түсінбейсің.
Бұл жағдайлардан Президент әкімшілігі жетекшісі Бақытжан Сағынтаев пен Ішкі саясаттағы Aida Balayeva ханым, Қоғамдық даму және ақпарат министрі Даурен Абаев мырзалар хабардар болуы керек деп ойлаймын.
Қор басшылығында қандас түгілі қазақты менсінбейтін топ бар.
Ал, ішкі жағдайдан қор жеткшісі Нұртай Әбіқаев ағамыз хабарсыз деп ойлаймын…
Бірер күнде толық мақала жариялаймын.

Ұларбек Дәлейұлы

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Марзия Бекайдар: Қыздар тұрмысқа шығарда неден қателеседі?

Жүрегіңізде реніш болса, ер азаматқа тартымды емессіз Әр адамның бойында ішкі түйсігі, ішкі түсінігі бар. ...