Аман Төлеевтің денесі шіркеуден шығарылды

5064
Adyrna.kz Telegram

Кемеровода облыстың бұрынғы губернаторы Аман Төлеев жерленді, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

Қоштасу рәсімі №1 орталық зиратта өтті. Төлеев Знаменский соборында жерлеу рәсімінен кейін қаланың Орталық зиратына, 1990 жылдардың аяғында апаттан қайтыс болған кенже ұлы Андрейдің жанына жерленді.

Қоштасу рәсімі Кузбасс музыкалық театрында өтті, деп жазды ресейлік басылымдар. Деректерге сүйенсек, қоштасуға мыңдаған адам келіп, тілек білдірушілер ғимараттың кіре берісіндегі ұзын-сонар кезекке тұрған.

Аман Төлеев 20 қарашада 79 жасында қайтыс болды. Ол облысты 1997-2018 жылдар аралығында басқарған.

1991 жылы ол Ресей президенттігіне үміткер болды, ал кейінірек ТМД істері министрі болғаннан кейін Кемерово облысының басшысына сайлауға қатысып, бірден 94% жеңіп алды. Содан бері ол тұрақты түрде сайлауда 90%-дан астам дауысқа ие болды.

Төлеев 2018 жылдың 1 сәуірінде Кемерово облысындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында 64 адамның өмірін қиған өрттен кейін отставкаға кету туралы өтініш берген. Құрбан болғандардың көбі балалар. Губернатор қайғылы оқиға орнына келуден бас тартып, өрттің нақты себебі өрт қою болуы мүмкін деген болжам жасады.

 

 

Пікірлер