Астанада кем дегенде 40 апат тіркелген күн

1105
Adyrna.kz Telegram

Астанада сәрсенбі, 22 қараша күні таңғы уақыттан бері 40 жол-көлік апаты орын алған. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

Полиция департаменті елордада ауа-райының бұзылуына байланысты жолаушыларды сақ болуға және жолда мұқият жүруге шақырды.

«Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтаңыздар. Көлік жүргізушілері шұғыл маневрлер мен тежеу жасаудан бас тартуы қажет. Сондай-ақ, рульде гаджеттерді пайдаланбаңыздар. Жол ережелерін елемеу, атап айтқанда жылдамдық режимін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Күндізгі жарық азайғанда қауіп арта түседі. Жаңбырлы ауа-райында көріну шектеулі болатынын еске саламыз», - деп жазды Полиция департаменті Instagram желісінде.

Айта кетейік, жаңбыр, дауылды жел мен көктайғаққа байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды.

Пікірлер