Астанада барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды

1219
Adyrna.kz Telegram

Ауа райының нашарлауына және көктайғақ пен күшті дауылға байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«ҚазАвтоЖол» сайтының хабарлауынша, Астанадан және Астанаға баратын барлық бағыттар бойынша көліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеулер енгізілген.

Елордалық «City Transportation Systems» көлік компаниясы қала маңындағы барлық бағыттарды уақытша тоқтатқанын хабарлады.

Астанада жаңбыр жауып, кейін қатты жел тұрып, көшелерде көктайғақ болды. Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады.

Төтенше қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты астаналықтар мен елорда қонақтарынан жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін көшеде қозғалу кезінде өте мұқият және сақ болуды сұраймыз.

Қазгидрометтің мәліметінше, бүгін, 22 қарашада Астанада екпіні секундына 16-21 метрге жететін жел соғады. 23 қарашада да көктайғақ күтілуде, бірақ желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Құтқарушылар азаматтардан көшеде абай болуды, төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 телефоны арқылы жедел жәрдем шақыруды сұрайды.

Пікірлер