Путин Тәжікстан президентін «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттады

810
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды үшінші дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттқы порталы РИА Новостиге сілтеп. 

Эмомали Рахмон сейсенбі күні Мәскеуге екі күндік ресми сапармен барды. Келіссөздер жүргізе отырып, Путин екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын және саяси байланыс өте жоғары деңгейде екенін, Ресей Тәжікстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі екенін атап өтті.

Биыл Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы негізгі шарттың жасалғанына 30 жыл толады. Тәжікстан басшысы жоғары марапатқа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға, сондай-ақ аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан зор жеке үлесі үшін ие болды.

«Ресей-Тәжікстан қарым-қатынастарындағы ең маңызды жетістіктер – саясат, экономика, білім, мәдениет – осы салалар мен талпыныстарға мүдделі белсенділігіңіз және қолдауыңызға тікелей байланысты десек, артық айтқандық болмас», – деді Путин марапаттау рәсімінде.

Ол елдер арасындағы көпжылдық бірлескен жұмыс барысында өзара тиімді шешімдер табуға және Ресей Федерациясы мен Тәжікстан арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты бірлесіп дамытуға, оларды дәйекті түрде құруға мүмкіндік беретін «шынайы достық, жемісті, сенімді қарым-қатынастар» қалыптасқанын атап өтті.

 

Пікірлер