Болат Назарбаевты еске алуға астананың республикалық Бас мешітіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаев келді. Бұл туралы ҚазТаг тілшісі хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Айта кетейік, мешіттің ішіне адамдар тізім бойынша кіргізілді.
Өзін күзетшімін деп таныстырған ер адам оқиғаның жеке шара екенін айтты. Күзетшінің спиральды сымы бар құлаққаптары болғанын ескеретін болсақ, оларды мешіт күзетшілері пайдаланатына күмән бар. Мұндай құлаққаптар көбіне оққағарларға және жоғары лауазымды шенеуніктердің күзет қызметіне тән. Бұл Назарбаевтың айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өкілдерінің бірі болуы мүмкін.
Айта кетейік, «Ұлысмедианың» хабарлауынша, оқиға орнына Нұртай Әбіқаев, Өмірзақ Шөкеев, Тимур Құлыбаев, Ермұхамет Ертісбаев, Ахметжан Есімов, Мырзатай Жолдасбеков және т.б. келген.
«Ескі Қазақстан өкілдерінің арасында еске алу ғана емес, сонымен қатар «сағаттар синхронизациясы» жүріп жатыр деп айта аламыз. Шара мұңды болғанымен, жекелеген қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйіне қарағанда іскерлік сипатта өтті, - деп жазылған жазбада.
Сондай-ақ «Курсив» сайтының жазбасында экс-президенттің жиналғандарға не айтқанын БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған жеткізген.
«Маған ол кісінің сөзі ұнады. Ол кісі: «Біздің кенжеміз еді, қолымызда өсті. Маған бауырымның кеткені батып тұр. Оны жоғалту мен үшін өте қиын. Көп адамдар не айтатынын білемін, бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым және Қазақстанда соғыс болған жоқ деді», – деп баяндады Н.Назарбаевтың сөзін Б. Аяған.
Н.Назарбаевтың үзеңгілесі Қуаныш Сұлтанов астан кейін тілшілермен тілдескенде: «Мен Назарбаевқа көңіл айтуға келдім, көңіл айттым», – деп қысқа қайырды. Н.Назарбаевты сынап, таяуда ғана сұхбат берген академик, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Қазақстанның бұрынғы президенті Н.Назарбаев жайлы айтқандарының барлығы шындық екенін мәлімдеді.
«Сол шындықты билік басында отырғанда неге айтпадыңыз?» – деген сұраққа М.Жолдасбеков: «Менің кітаптарымды, жазбаларымды оқысаң, көресің. Барлық шындық жазылған, – деп жауап берді.
Болат Назарбаевтың асы 18 қараша күні Астанадағы Республикалық бас мешітте өтетінін хабарлаған болатынбыз.
Еске сала кетейік, мешіт құрылысындағы алғашқы тасты экс-президент Назарбаев өзі қалаған.
Сонымен қатар хатым түсіруге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысатынын да жариялаған едік.
Белгілі болғандай, жерлеуге Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы, Сенаттың экс-спикері Дариға Назарбаеваның келгені туралы хабарланды. Ағасының асына келген Назарбаева Қаңтар оқиғасынан кейін ковидпен ауырып, ақпан айының соңына дейін ақысыз демалыста болды. Кейіннен қызметтен кетіп, көпшілік көзінен ғайып болған. Содан бері бүгін аты аталып отыр.
«Адырна» ұлттық порталы