Елімізде автокөлікті міндетті сақтандырудың құны өзгереді

1765
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dknews.kz
Сурет: dknews.kz

2024 жылдан бастап автокөлікті міндетті сақтандыру құны өзгереді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарламайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың айтуынша, енді сақтандыру құнына көлік құралы тіркелген өңірдегі апатты жағдайлар деңгейі ықпал етпек. Аймақта апатты оқиға аз болған сайын сақтандыру тарифі де аз болады.

«Автокөлікті сақтандыру құнын анықтаудың жаңа тәртібі өңірдегі апаттылық деңгейіне қарай оларға түзету коэффициенттерін қолдану арқылы көлік құралы тіркелген өңірдің өлшемін түзетуді көздейді. Түзету коэффициенттері Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордағы автоматтандырылған есептеу арқылы жыл сайын айқындалатын болады. Бұл ретте барлық қолданыстағы өзге де өлшемшарттар, оның ішінде көлік жүргізу тарихы сақталады», - деді агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазақстанның 11 өңірінде автокөлікті сақтандыру құны төмендейді деп болжалып отыр. Олардың қатарында Алматы қаласы мен Атырау облысы бар. Ал жеті аймақта сақтандыру бағасы, керісінше, артуы мүмкін. Қарағанды және Ұлытау облыстарында сақтандыру құны өзгеріссіз қалады деп күтілуде.

Пікірлер