Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар шеңберінде партиялардың пәрменділігін арттырып, партия жүйесінің халықпен тығыз қарым-қатынаста болуына, сайлаушыларының мәселелерін шешуде билік пен бұқара арасында алтын көпір болуы керек деген болатын. Осы міндетке сай Қарағанды облысы көлемінде қызмет атқарып отырған «Ақ жол» партиясының жұмысы жүйелі.
«Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасының екі екі бағыты. Бірі – «Алаш» партиясы қайраткерлерінің салып кеткен жолымен жүріп, унитарлық мемлекеттің негізін нығайту, мемлекеттік тілді қолдау, экономиқалық тәуелсіздікті күшейту. Экономиқамызды күшейту, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдаумен, бұл партиямыздың екінші маңызды бағыты, тығыз байланыста жатыр.
«Ақ жол» партиясының Қарағанды филиалының мүшелері – ақжолшылар нақты істермен айналысады, көптеген іс-шаралардың басында жүр деп айтуға толық қақымыз бар.
Мәселен, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының атының ауысып, қалың алашқа ерекше орны бар, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан атының берілуі кезеңінде партия филиалы ерекше белсенділік көрсетті. Жылдар бойы аймағымыздың ақсақалдары, сыйлы азаматтары бастаған бұл істің соңғы нүктесін қойған, Президент атына, облыс әкіміне қоғамның өтініштерін толастамай жеткізгенде Қарағанды филиалы еді. Аудан атының Әлихан Бөкейхан есімімен аталуында
филиал төрағасы мен идиология жөніндегі орынбасары Бейбіт Күлмағамбет қыруар шаруа атқарды. Азаматтық қоғам орнатуда, маңызды орны бар азаматтармен, қала белсенділерімен тығыз байланысты жұмыстар осылай жүзеге асуда.
Жақын арада Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханға арнайы қойылатын ескерткіштің ұсынылған макетінің жеткілікті дәрежеде еместігін жұртшылық білдіргеннен соң, партия кеңсесінде қала ақсақалдары мен белсенді тұрғындарды жинап, конкурстың қайта өткізілуіне байланысты өтінішті қала әкімдігіне жеткіздік. Конкурс қайтадан өтетін болып келісілді.
Оқу жылы басталарда қала мешіті жамағатымен қосылып, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларға арнап, мектепке дайындық акциясын өткіздік. Жүздеген балаға керекті киім, басқа қажетті заттар сыйланды. Партиямыздың бағдарламасында көрсетілген кіші және орта кәсіпкерлерге, оның ішінде отандық өнім өндірушілерді қолдау жұмысымызда маңызды, көптеген шаралар өтуде. Мәселен, Абай қаласындағы тігін фабрикасының сұрақтарын шешуге көмектестік.
Мәжіліс депутаты, қәзіргі спикердің орынбасары Дания Еспаеева мәселені қадағалап, аймағымыз үшін маңызды өндірістің тоқтамай жұмыс жасауына септігін тигізді.
«Ақ жол» партиясының Сарыарқадан бастау алғаны белгілі. Сондықтан филиалымызға жүктелген жауапкершілік мол екенін бағамдай отырып, нақты істерімізбен аймақтар арасында ерекшеленудеміз.
Қарағанды партия филиалының ерекшелігінің негізінде партияластардың бір жұдырықтай жұмыла жұмыс атқара білуі, күрделі мәселелерді шынайы объективті тұрғыда шешіп, тұрғындардың мүдделерін қорғай білуінен де нақты көрінуде.
Ермек Әбілдин,
«Ақ жол» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.