Алашты ұлықтау - тарихты ұмытпау (фото,видео)

1778
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматыдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу ескерткішіне қала тұрғындары жиналатын күн. Кесірлі Кеңес кезіндегі Сталиндік репрессияның, советтік қызыл машинаның астында ұлт қаймақтары жанышталған болатын.

Келешегімді кемелді, ұлтымды беделді етемін деп атқа қонған Алаш арыстарының ішінен ілеуде біреуі болмаса, қанды қасаптан ешқайсысы құтылмады.

Сол арыстарды еске сақтау мақсатында "Абай" ұлттық порталы мен "Адырна" ұлттық порталы Алаш қайраткерлерінің портреттерімен құрбандар ескерткішіне барып, боздақтар рухына тәу етті. Жиналған көпшілік журналистердің қолындағы портреттермен фотоға түсіп, осы бастаманың жылдан-жылға құлашын кең жайса деген тілегін білдірді.

"Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің,

Қорлығына бермейміз.

Жасасын, Алаш, жасасын!!!

[video width="1280" height="720" mp4="https://adyrna.kz/content/uploads/2019/05/fg.mp4"][/video]

Өкініштісі, "Мәңгілік полк" деп, жарты күн қалада ерсілі-қарсылы ағылған жұртшылықтың, ұлттың қаралы парағына айналған күні төбе көрсетпегені бұл біздің ұлттық санамыздың қаншалықты деңгейде екенін көрсетсе керек. Біле білсек, бүгінгі ұрпақ үшін ашаршылықта өлген әр қазақ ата-бабасы. Сол үшін 31 мамыр әр қазақтың шаңырағындағы қаралы күн.  Алматы қаласының әкімі Бауыржан  Байбек қатысқан жиын 20 минуттан да аспады. Болашақта осы бағытта идеологияға жауапты органдар жұмыстар атқарса.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер