“Фосфоршылар” мәдениет үйі Жастар сарайына айналады

2059
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында бірнеше жылдан бері қараусыз бос тұрған «Фосфоршылар» мәдениет үйі қайта жөнделіп, халық игілігіне қызмет етпек, деп жазады “Адырна” порталы. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді. 

Аталған ғимарат «Дархан групп» серіктестігінің меншігінде болатын. Әкімнің айтуынша енді әкімдім ғимаратты қайта жөндеп, Жастар сарайына айналдырмақ.


“Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеген болатын. 13 қараша күні «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді. Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады” деп жазды Ғабит Сыздықбеков.

Сондай-ақ ол, «Фосфоршылар» сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер