Сот сатылса не болады?

1963

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов мырзаға!

ҚР Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов мырзаға!

Редакциямызға әділдік сұрап, жылаған Ана хабарласты. Айтуынша, іздегені әділдік, сұрағаны шындық. Сәуле Ұлықпан  Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға 2007 жылы көшіп келген. 2009 жылы ҚР азаматтығын алған. Сол жылы маусым айының жетісі күні Камал Нүсіпбайға тұрмысқа шыққан.  2010 жылдың қаңтар айында тұңғыш сәбилері дүниеге келген. Арада 5-6 ай өткенде сәби шетінеп кеткен. Дәрігерлердің қойған диагнозы жүрегінде тесік болыпты. Анасы қатты қорыққанда, шошынғанда сәбиге солай әсер етеді екен. Сәуленің айтуы бойынша, күйеуі ұрып-соққан. Бірінші балама аяғым ауыр кезде қылқындыратын дейді. Ашуланса пышақ ала жүгіретін болыпты. Одан кейін де дүниеге екі  қызды әкелген.

 

Ақыры, күйеуінің мінезіне шыдай алмай, 2017 жылдың мамыр айының 25 ажырасқан.  Ажырасқан деген аты ғана, үйден екі қызыммен бірге қуып жіберген дейді. Ажырасқан кезде Сәуле Ұлықпан мен Камал Нүсіпбайға ортақ 3 үй болған.

 

Бұл Сәуле мен Ұлықпанға ортақ 3 үйдің Сәуленің қолында бар екі үйдің құжаты. Күйеуі екі баласына осы үш үйдің біреуін бермек түгілі, алимент те төлемепті. Соттың шешімі шықса да.

Күйеуі алимент төлегенді қойып, осы үш үйді де өз атына аудару үшін Алатау аудандық сотына арызданған екен, сот Камал Нүсіпбайдың шағымын қанағаттандырмаған. Себебі, заң бойынша Сәуле тең құқылы меншік иесі.

Камал Нүсіпбай болса артынан Қарасай аудандық сотына арыз жазған. Бірінші сот отырысы 2019 жылдың қаңтар айының басында болған. Судья Дүйсенбиев Р.С болған. Сол кезде бірінші қаралымда судья Дүйсенбиев Сәуледен неге Заң жүзінде некеге отырмадыңыздар деп сұрады. Сөйтсе, Камал Нүсіпбай сырттай жалған неке куәлігін жасатқан екен. Сәуле Заң жүзінде некедеміз деп ойлаған. Бұл жағдайда жалған неке куәлігін жасағандар да жауапқа тартылу керек.

Судья Дүйсенбиев сол кезде Сәулеге "неге үйден кетіп қалдыңыз? Кетпей отырып алғанда заң бойынша мына мен судья да үйден шығара алмаймын" деген.

Соттың үшінші қаралымында судья Дүйсенбиев "жалған неке куәлігі туралы әңгіме қозғамаңдар, мына үш үйде ортақ мүлік болып табылады және тең бөлінуіне болады" деді. Және  сол кезде судья Дүйсенбиев нақтылап, Алатау аудандық сотының шешімін бұза алмаймын деді. Сот сол  шешімде қалады деді.

Сәуле Ұлықпан екі қызымен пәтерден пәтерге көшіп жүрген кезде, қызы Мейірбанды көлік қағып, қайтыс болды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталында 15 мамырда

Бастықтарға заң бар ма немесе оларға неше адамды өлтіруге болады? атты мақала шыққан болатын.

Бірақ, артынан судья Дүйсенбиев сөзінен тайып, мамыр айының 21-і күні Камал Нүсіпбайдың пайдасына сот шешімін шығарды. Сәуленің айтуы бойынша, сотта бармақ басты, көз қысты болған. Себебі, сот келмей тұрған кезде Камал Нүсіпбай мен соттың көмекшісі екеуі бір-біріне көз қысысып, әңгіме айтып, мәз-мейрам болды. Соған қарағанда сотты сатып алды ма деп күдіктенем дейді.

 

Сәуле Ұлықпанның айтуынша, сот тек әділ шешім шығарса дейді. Өзінің заңды құжаттары арқылы өзіне тиесілі заттарға ғана иелік етсем болды. Баспасөз арқылы, сот арқылы әділдікке жетсем дейді. Сотқа деген, әділдікке деген халықтың сенімі сетінемесе екен деген Сәуленің сөзін қаз-қалпында беріп отырмыз.

P.S. Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейтінін ескерте кетеміз. "Адырна" порталы ашық пікір алаңы болғандықтан, қарсы тараптың да пікірін жариялауға дайынбыз.

Оңғар Қабден

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket