Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

1908
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/1c46a1e9-1adc-4fe9-a5ad-80e3041cae8f.jpeg
Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің әкімдік ғимаратында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Қала басшысының тікелей қабылдауына алдын ала 50 азамат жазылды. 🔷 Қала әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді. Оған қоса, қала басшысы бұқараның өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді. 🔷 Сонымен қатар, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері, департамент пен басқарма басшылары тұрғындардың арыз-шағымына назар аударып, тиімді шешу жолдарын айтты. Ал күрделі әрі шешімін табу үшін ұзақ мерзімді қажет ететін мәселелер әкім орынбасарларының бақылауында болатынын түсіндірді. 🔷 Кезекті бірыңғай қабылдау күнінде баспанамен қамту, жер телімін бөлу және әлеуметтік мәселелер көп көтерілді. Жалпы, 300-ге жуық азаматтың өтініш-тілегі тыңдалды. 🔷 Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Шымкент қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Комментарии